қазақша · русский · english
 
 
 
12.03.2019

«Жаратылыстану және география институтына саяхат»

 

11 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география институтының Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен 8-9,10 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні болып өтті. Мектеп ұстаздары мен оқушыларын «Биология» кафедрасының профессоры Римма Избасарова ұйымдастырып алып келді. Іс-шараға Алматы облысы, Жамбыл ауданынан Қарғалы ауылдық округінің үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясынан оқушылар келді.

 

Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов және белсенді студенттер оқушыларды дәлізде қарсы алып, оқушыларды институт тарихымен және институттың оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Комус Батырова омыртқасыздар зоологиясы жайлы түсіндірсе, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалия Татаринова адам анатомиясы туралы мәлімет берді, профессор, химия ғылымдарының докторы Несіпхан Бектенов химияның ғылыми-зертханасының лабораториясымен таныстырды. Саяхат соңында балалар қара шаңырағымызға ерекше қызығушылықтарын білдірді. Сондай-ақ, оқушылар Университетіміздің білім жүйесіне және студенттеріміздің көптеген өзін-өзі басқару ұйымдарына қызыға қарап, болашақта нағыз маман иесі болу үшін осы білім ордасын таңдаймыз деген шешімге келді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler