қазақша · русский · english
 
 
 
07.03.2019

«Сыйынар ем ана деген тәңірге...»

 

6 наурызда Жаратылыстану және география институтының «5В011600-География» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен «Сыйынар ем ана деген тәңірге...» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.


Мерекелік кешке институттың белсенді студенттері мен профессор-оқытушылары қатысты. Алғы сөзді институт директоры Күләш Каймулдинова алып, мерекемен құттықтады. Кешімізде Тарих және құқық институтынан, Өнер, мәдениет және спорт институтынан өнерлі студенттер келіп, әнмен шашу шашты. Мерекелік шарада мың бұралған биші қыздарымыз бен күйшілеріміз әдемі күймен кешті одан әрі әсерлете түсті.


Кеш барысында түрлі ойындар ойнатылып, аруларымызға арнау арнап, дарынды студентеріміз өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов сөз алып, мерекелік кешке ат салысқан белсенді студенттерге және студенттік өзін-өзі басқару кеңесіне алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler