қазақша · русский · english
 
 
 
05.03.2019

«Қыз еркем - қылығымен көркем»

 

2019 жылдың 1 наурызында Жаратылыстану және география институтында «Үкілім-ай» клубының ашылу салтанатына орай «Қыз еркем - қылығымен көркем» іс-шарасы өтті. Мерекелік кешке институттың белсенді студенттері мен профессор-оқытушылары қатысты.

 

Алғы сөзді институт директоры Күләш Каймулдинова мерекемен құттықтап, өзінің өмір жолының қызықты сәттерімен бөлісе отырып, қыздарға өзінің ақыл кеңесін жеткізді.

 

Клубтың басты мақсаты қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған, білімімен ұштастыра білетін ұлт жанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ қызының идеалын қалыптастыру және университет білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер алатын қыздар ортасын құру болып табылады.

 

Аталмыш іс-шарада әндер шырқалып, мың бұралған бишілер өз өнерлерімен тәнті етті. Іс-шараны соңында директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов сөз алып, мерекелік шараны ұйымдастырған Студенттік өзін-өзі басқару кеңесіне және ат салысқан «Үкілім-ай» клубының мүшелеріне алғысын білдіріп, кеш өз деңгейінде өткендігін айтты.

 

   

 

   

 

   

 

    

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler