қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2019

«Ашық есік күні» 


2019 жылдың 20 ақпаны күні №1 оқу ғимаратының 622 аудиториясында сағат 11:00-де Жаратылыстану және география институтының студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» болып өтті.

 

Іс-шараға Алматы қаласындағы №19 мектептен 17 болашақ жас түлек келсе, №178 мектеп-гимназиясынан 11 оқушы, №98 мектеп атынан 18 бітіруші түлек, №12 гимназиядан 26 оқушы, №33, №92, №175 метеп-гимназияларынан бітіруші түлектер келіп, институттың оқу-тәрбие жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, университет қабылдау комиссиясының қызметкерлері де 4 курс бакалавр және 2 курс магистранттарына магистратураға және доктарантураға түсуіне тың мағұлматтар берілді. Биология, химия, география, экология және туризм кафедраларының профессор-оқытушылары мамандықтар бойынша мағұлматтар айтып, студенттік өзін-өзі басқару кеңесі мен институттың белсенді студенттері концерттік бағдарлама ұсынды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler