қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2019

Химия мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған

педагогикалық практика

 

2019 жылдың 14 қаңтар-16 ақпан аралығында 5В011200-«Химия» мамандығының 3 курс студенттері педагогикалық практикадан өтті. Әдіскерлері: п.ғ.д., профессор Жеңіс Шоқыбаев, х.ғ.к., профессор Бәкір Мансуров, п.ғ.к., доцент Зульфия Өнербаева, х.ғ.к., аға оқытушы Нұрсұлу Жүсіпбекова.

 

«Химия» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Зульфия Өнербаеваның жетекшілігімен 3 курс студенттері химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Жаңа формация мұғалімін қалыптастыру және ЖОО түлектерін дайындау сапасын арттыру мақсатында студенттер үшін «Химия пәнінен жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» бағдарламасы бойынша тренинг-семинарлар мен коучинг өткізілді. Тренингтің басты мақсаты 3 курс студенттерін химия пәнінен жаңартылған білім беру жүйесіндегі оқу бағадарламасымен таныстыру және осы бағадарламаны енгізуде қолданылатын критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерімен танысу болды.

 

Практика өту барысында студенттер дәріс, практикалық сабақтарға қатыстырылды. Студенттер 9-10 сынып оқушыларымен «Адамдық борыш-ар үшін, барша адамзат қамы үшін», «Жаныңда жүр жақсы адам», «Іс-әрекеттегі адамгершілік көрінісі» тақырыптарында тәрбиелік іс- шаралар өткізді. Бұл іс-шаралардың мақсаты оқушыларда патриоттық сезімді тәрбиелеу, адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.

 

3-курс студенттері «Химия» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Жеңіс Шоқыбаевтың жетекшілігімен №146 мектеп-лицейінде педагогикалық практиканы өтті. Студенттер алған теориялық білімдерін қолдана отырып, жоғары сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында «Химиялық калейдоскоп» тақырыбында интеллектуалды жарыс өткізді.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler