қазақша · русский · english
 
 
 
18.02.2019

ҚазҰПУ студенті болу

 

14 ақпанда Жаратылыстану және география институты Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-на дейінгі дайындық факультетімен бірлесе отырып, дайындық факультетінің студенттеріне кәсіби бағдар беру мақсатында іс-шара ұйымдастырды.

 

Іс-шараға Шетел азаматтарына арналған және ЖОО-на дейінгі дайындық факультетінің директоры Ғалия Таубаева және «Химия» және «Биология» мамандығын таңдаған 69 студент қатысты. Шара барысында, алғы сөз институт директоры Күләш Каймулдиноваға берілді. Үміткерлерді сапалы білім алып, болашақта Жаратылыстану және география институтының студенті болуларына тілегін білдірді. Сондай-ақ,директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Калампыр Жұмағұлова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ляззат Демеуова, «Химия» кафедрасының меңгерушісі Жазира Мұқатаева және «Биология» кафедрасының меңгерушісі Мұрат Жақсыбаев кафедра жетістіктерімен таныстырып, институттың оқу және зертхана аудиторияларына экскурсия жасады. Қорытынды сөзді директодың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов сөйлеп, ұйымдастырушы Жаратылыстану және география институтының студенттік өзін-өзі басқару кеңесіне және келген қонақтарға алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler