қазақша · русский · english
 
 
 
15.02.2019

«Мұқағали махаббатты жырлайды»

 

2019 жылдың 13 ақпанында Жаратылыстану және география институтына қарасты №2 жатақханада, студенттік өзін өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 88 жылдық мерейтойына орай «Мұқағали махаббатты жырлайды» кеші болып өтті.

 

Кешті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов ашып,әділ бағасымен 2dormitory.zhgi инста парақшасында Мұқағалидың махаббат өлеңдерінің желісі бойынша түсірілген бейнебаян ойынның жеңімпазын анықтап берді.

 

Әуезді әнімен құлақ құрышын қандырған 3 курс студенті Еркін Батай мен 2 курс студенті Айнұр Сапарова кештің сәнін кіргізді. Ал 1 курс студенттері Асан Саметов мен Ирада Беріктің «Махаббат диалогы», Жазира Абуталипова, Динара Сартбай және Райымбек Дүйсенбайдың мәнерлеп оқуы көрермен жүрегінен орын ала білді. Кеш 1,2 және 3 курстың белсенді студенттерінің атсалысуымен жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler