қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2018

Университеттің ғалым-профессоры студентке арнап арнайы шәкіртақы тағайындады

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында үздіксіз қызмет істеп, бүкіл саналы ғұмырын білім мен ғылым саласына арнап келе жатқан құрметті ұстаз, профессор, педагогика ғылымдарының докторы, ҰЖМҒА академигі, Құрметі кафедра меңгерушісі, «Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері Шоқыбаев Жеңіс Әкімжанұлы өз атынан бір студентке арнап арнайы шәкіртақы тағайындады.


Шәкіртақының мақсаты - студенттерді ынталандыру, жастардың білім алуға деген құлшынысын арттыру, материалдық көмек көрсету. Шәкіртақы 1 академиялық жылға беріледі және ай сайынғы сыйақы 20 000 теңге көлемінде.


Бастапқыда профессор Ж.Ә.Шоқыбаев шәкіртақы тағайындау туралы өзінің ұсынысын білдіргенде, ең негізгі критерияларын атап көрсетті: шәкіртақы тағайындалатын студент химия мамандығының ақылы бөлімде оқитын болуы керек; сабағын өте жақсы оқитын, университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысатын студент болуы керек; көп балалы немесе әлеуметтік жағдайы орташа отбасынан болуы керек.


Бүгінгі күнде Ж.Ә. Шоқыбаев атындағы шәкіртақы иегері - 5В011200-Химия-ағылшын мамандығында оқитын 3 курстың үздік студенті Үсіпбек Ақшолпан Мұхитдинқызы.


Болашақ жастарға жанашырлық танытып отырған мұндай шара институтта бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Осындай игі іс басқаларға да үлгі болса екен деп тілейміз.

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler