қазақша · русский · english
 
 
 
07.12.2018

«Елін сүйген Елбасы»


2018 жылдың 6 желтоқсан күні Жаратылыстану және география институтының 5В011300-биология мамандығының 3 курс студенттері мен Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы бірлесе отырып байланысты оқу ғимаратының 415 дәрісханасында «Елін сүйген Елбасы» атты дөңгелек үстел өткізді.

 

Алғы сөзді институт директоры, профессор Каймулдинова Куляш Дуйсенбаевна алып, студенттерді келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтады. Шара барысында студенттер қазақ халқының басынан өткерген шақтарынан қойылым көрсетіп, ән салып, өнерлерін көрермендерге паш етті.

 

Дөңгелек үстелде Елбасының жолдаулары мен мақаласы талқыланып, қатысқан профессор-оқытушылар мен студенттердің пікірі тыңдалды.

 

Шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы жиынды қорытындылай келе ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler