қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2018

«League of chemists» интеллектуалдық сайыс

 

2018 жылдың 23 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, химия және химиялық технологиялар факультетінің «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастырылған «League of Chemists» тақырыбындағы интеллектуалдық сайысқа Жаратылыстану және география институтынан химия кафедрасының «5В011200-Химия» мамандығының 3 курс студенттерінен құралған «H2O + SiO2» командасы қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.

 

Мұндай жобалардың студенттерге берері – интеллектуалдық даму, шектеулі уақыт ішінде үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті, тәуекел ету және тез шешім қабылдау, топтық қарым-қатынас жасау. Сондай-ақ, жаңа достар табуға, курстастармен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді, жағымды, қуанышты әсерлер сыйлайды.

 

Сайысқа Алматы қаласының 5 жоғары оқу орындарының студенттік командалары қатысты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (2 команда), С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (2 команда), Алматы технологиялық университеті (2 команда). Барлығы 8 команда болды.

 

Интеллектуалдық сайыс бес турдан тұрды: Сәлемдесу, «Кім жылдам?», «Кубик рубик», «Брейн-ринг», «Шоу». Сайыс кезінде 1 минут ішінде жауап талап ететін қызықты да қиын сұрақтар, қызу талқылаулармен күтпеген шешімдер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ойында ең бастысы – ақыл,терең білім ғана емес, жылдам шешім қабылдай алу да жеңіске жеткізер табыс кепілі екені дәлелденді.

 

Студенттер үлкен қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинады. Басты тартыс жүлделі орындарға ие болған үш команда арасында өтті. Жеңімпаз командаларға кубок, диплом және естелік сыйлықтар берілді. Барлық қатысушыларға «League of Chemists» интеллектуалдық сайысқа қатысты деген сертификаттар табыс етілді.

 

Ойын шынында жарқын, тартымды өтті! Басқа университеттің студенттерімен бәсекелесу өте қызықты болды.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler