қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2018

Студенттер мен магистранттардың 73-ші ғылыми-теориялық конференциясы

 

2018 жылдың 19 қарашасында Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында студенттер мен магистранттарға арналған 73-ші ғылыми-теориялық конференция өтті.

 

Конференцияның мақсаты жас зерттеушілерді ғылыми зерттеулерге, жоғары білікті мамандарды даярлауға, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тарту болып табылады.

 

Барлық баяндамашылар шешендік қабілеттері мен жоғары дайындықтарын көрсетті. Баяндамалар мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылды.

 

Конференция соңында қорытындылар шығарылып, өзекті және қызықты баяндамалар үшін сыйлықтар таратылды. Жеңімпаздар дипломдар мен мақтау грамоталармен марапатталды. Конференция қорытындысы бойынша үздік үш баяндама Жаратылыстану және география ғылымдары сериясы бойынша жарық көретін «Хабаршы» журналында жарияланатын болады.

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler