қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2018

«Жануарлар әлемінің экологиясы және оларды сақтау»
халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы

 

2018 жылдың 6 қарашасы күні Жаратылыстану және география институтының биология кафедрасында «Жануарлар әлемінің экологиясы және оларды сақтау» тақырыбында халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы болып өтті.


Конференцияда жануарлар әлемін зерттеу саласының заманауи зерттеу жұмыстары, жануарлардың экологиялық аспектілері, оларды сақтау мәселелері, сонымен қатар сол зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жоғары білім беру оқу үрдісінде қолдану туралы мәселелер қарастырылды.


Халықаралық конференцияға қатысқан ұйымдар: ҚР БжҒМ ҒК Зоология институты, Wildlife Without Borders - шексіз жабайы табиғат (Великобритания), Пекин университетінің Орман шарушалығының жабайы табиғат институты (Wildlife Institute Beijing Forestry University), Табиғатты қорғау неміс одағы (NABU), Омск мемлекеттік университеті, Gazi Üniversitesi, Fen Bilimleri Enstitüsü, Çevre Bilimleri Bölümü (Ankara, Türkiye), Ahmet Yesevi Üniversitesi, Fen Bilimleri Fakültesi, Biyoloji Bölümü (Türkistan), Томск мемлекеттік педагогикалық университеті, Томск мемлекеттік университеті (Россия), «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, А.А.Ежевский атындағы Иркутск мемлекеттік аграрлық университетінің табиғи ресурстарды басқару институты (Ресей), Ақсу-Жабағлы қорығы, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты (Атырау), Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Жалпы генетика және цитология» МРК, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты, Жалпы генетика және цитология институты, Алматы зоологиялық паркі.


Сонымен қатар, конференцияға Жаратылыстану және география институтының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler