қазақша · русский · english
 
 
 
05.11.2018

Биология, химия және география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық семинар

 

2018 жылғы 31 қазан мен 3 қараша аралығында Жаратылыстану және география институтында «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жаратылыстану пәндері сабақтарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында биология, химия және география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық семинар өтті.

 

Семинарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген және «Дарын» мамандандырылған мектептерінің, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қатысты.

 

Институт ди⁠ректоры профессор Күләш Каймулдинова мұғалімдерді профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік қызметімен таныстырды.

 

Дәрістерді, тренингтер мен семинарларды профессор Бахадур Абдиманапов, аға оқытушы Нұрсұлу Жүсіпбекова, доцент Қайрат Омаров жүргізді. Семинар үйлестірушісі - профессор Римма Избасарова.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler