қазақша · русский · english
 
 
 
25.10.2018

«Black - white dedication» студенттік қатарға қабылдау кеші


2018 жылдың 24 қазанында Жаратылыстану және география институтының №2 жатақханасында студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен «Black - white dedication» студенттік қатарға қабылдау кеші болып өтті.


Кешті ди⁠ректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов ашып, студенттерге өзінің жылы лебізін білдіре отырып, «Ең таза бөлме», «Ең белсенді бөлме» номинациясымен студенттерді марапаттады.


Белсенді студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, 1 курс студенттерімен түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Әсем әнмен құлақ құрышын қандырған 3 курс студенті Еркін Батай мен 1 курс студенті Назира Есиркегенова кештің сәнін кіргізді. Сондай-ақ, «Два в одном» көңілді тапқырлар командасы өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне ие болды. Кеш студенттердің көңілінен шығып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler