қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2018

«Мисс ЖГИ»

 

2018 жылдың 10 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына орай институтымыздың тәрбие жоспарына сәйкес студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен ибалы, инабатты және ақылына көркі сай институт аруын анықтау мақсатында университетіміздің №5 оқу ғимаратында «Мисс ЖГИ-2018» байқауы болып өтті.


Кештің ашылу салтанатында институт директоры Күләш Каймулдинова сөз алып, осы уақытқа дейін өз белсенділігімен көзге түскен институт студенттерін «Алғыс хаттармен» марапаттады.


Байқауға 7 аруымыз қатысып, өз бақтарын сынады және бұл іс-шараға «Журналисттер Одағының» мүшелері келіп, сұлуларымызға әділ бағаларын берді. Кеш барысында институтымыздың әнші, биші және күйші студенттері өнерлерін ортаға паш етіп, көрермендердің қошеметтеріне ие болды. Сондай-ақ, ұйымдастырушы топ көрермендерге «Лоторея» ойнатып, түрлі бағалы сыйлықтар таратты. Байқау қорытындысын әділ-қазылар төрағасы, «Абай» газетінің бас редакторы Болат Шарахымбай хабарлап, аруларымызды құттықтап, сұлуларымыздың сайыс барысындағы өнерлеріне өз бағасын берді. Қорытындылай келе, №1 аруымыз Зұлхар Даулет «Мисс ЖГИ» атанса, №2 аруымыз Дана Абдурашитова «Мисс Модель» атағын иеленді. №3 аруымыз Аяулым Расилова ІІІ орын иеленіп «Мисс Грация»,№4 аруымыз Әлия Несіпбек ІІ орын алып «Мисс Интеллект», №5 аруымыз Айым Камешова «Көрермен көзайымы», №6 аруымыз Айгерім Исабекова «Мисс Харизма» атанды. №7 аруымыз Ару Кубайдуллина инстаграм желісінде ең көп қолдау көрсетіліп, «Мисс Инстаграм», ал байқау қорытындысында І орын иеленіп, «Мисс Стиль» атағын жеңіп алды. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, қомақты қаржылар мен сыйақы алды. Кеш соңында директордың Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов сөз алып, ұйымдастырушы студенттік өзін-өзі басқару кеңесіне және қатысушы аруларымызға өз алғысын білдірді.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler