қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2018

Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор Хабдрахман Дүйсембинмен кездесу


«Ғылым - 2018» онкүндігі іс - шарасы аясында анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпісіздігі кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР ҰҒА академигі, БжҒМ адам және жануарлар физиологиясы институтының құрметті директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Хабдрахман Дюсембиевич Дүйсембин «Заманауи физиологияның өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс оқуға шақырылды.


Дәріске Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова, кафедра меңгерушісі Шамшидин Балғынбеков, профессор Амантай Сағындықов, оқу - әдістемелік бөлімінің бастығы Галия Кириллова және профессор Амантай Кунакбаев, доцент Күміс Батырова, кафедра оқытушылары Галия Татаринова, Асия Кайнарбаева, Айгерим Асқарова, Жазира Жарылқасынова, Маржан Башенова, сондай-ақ, «5В011300-Биология», «5В060700-Биология», «6М060700-Биология» мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты.


Дәрісті кафедра меңгерушісі Шамшидин Балғынбеков ашып, студенттерге профессор Хабдрахман Дюсембиннің өмір жолы туралы қысқаша ақпарат беріп өтті: «Қабдырахман Дюсембин 1948 жылы Алматы қаласындағы Киров атындағы Университеттің «Биология - топырақтану» факультетіне оқуға түсіп, үшінші курсында «И.П.Павлов ілімінің философиялық маңызы» деген тақырыпта факультет студенттерінің ғылыми конференциясында баяндама жасайды. Сол кезден бастап Хабдрахман Дүйсембин факультеттегі студенттердің ғылыми кеңесінің төрағасы болып сайланған және Қазақстан Комсомолының орталық комитетінің штаттан тыс лекторы болады. Бұл кісінің бойында Абай атамыздың айтып кеткен адамның 3 негізгі қасиеті дарыған десек те болады, яғни ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек».


Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова, профессор Хабдрахман Дүйсембин ағамызды өте қарапайым, адамгершілігі мол, үлкен азамат ретінде жақсы білетіндігін жеткізіп, бұл кісінің білім, ғылым жолындағы өмірі қазіргі жастарға үлкен өнеге екендігін айтп, Хабдрахман Дүйсембинге бүгінгі таңда білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеуде қосып жүрген үлесі үшін алғысын және өзінің тілегін білдірді.


Хабдрахман Дүйсембин қазіргі таңдағы физиология саласының өзекті мәселелерін кеңінен аша отырып, оның шешу жолдарын ұсынып, білім алушылар арасында талқылады. Сонымен қатар, ғарыштық физиология, биологиялық ырғақ және жоғары жүйке әрекеті қызметінің бұзылыстарынан туындап жатқан аурулар себептері қарастырылған жоғары деңгейде дәріс өткізді.

 

       

 

     




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler