қазақша · русский · english
 
 
 
03.03.2018

 

«Дерт көп, денсаулық біреу» ғылыми конференциясы

 

2018 жылдың 1 наурыз күні Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Университетіміздің 90 жылдығына орай «Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушысы профессор Зейне Тұңғышбаеваның жетекшілігімен 6M011300 - биология мамандығының 1 курс магистранттары ұйымдастырған «Дерт көп, денсаулық біреу» ғылыми конференция өтті.

 

Аталмыш іс-шараға институтымыздың профессор-оқытушылар құрамы, Қазақ - Ресей Медицина Университетінен келген арнайы қонақтар, студенттер мен магистранттар көрермен ретінде қатысып, шара барысында белсенділік танытты.

 

Конференция ҚР-ның әнұранын шырқаудан басталды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жазира Мукатаева алғы сөз алып, магистранттардың бұл бастамасына ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі. Конференция барысында заманымыздың өзекті проблемалары жөнінде бірнеше баяндама жасалды. Атап өтсек: «Екпе дертке дауа ма?», «Гендік модификацияланған организмдер керек пе?», «Жылмап алар жылдам тағамдар», «Сыры көп сусын - Кока-кола» және «Саламатты өмір салтын ұстану». Магистранттар баяндау барысында түрлі тәжірибелер мен арнайы түсірілген бейнероликтерін көрсетіп, тақырыпты нақтылай түсті.

 

Институтымыздың профессор-оқытушылар құрамы Жазира Мукатаева, Қаратай Шалабаев, Мұрат Жақсыбаев, Шолпан Шыныбекова және Зейне Тұңғышбаевадан құралған әділ қазылар алқасы баяндамаларға әділ бағаларын берді. Нәтижесінде:

 

1 орынды - Арайлым Абыл және Гүлнұр Кенжетай;

2 орынды - Мөлдір Алпысбайқызы , Темірхан Бахытжан, Шыңғыс Улдахан;

3 орынды - Айым Бахтияр және Сымбат Есентұрова иеленді.

 

Институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов сөз кезегін алып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Расында да адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін бағалы байлық екендігін айтып өтті. Қорытынды сөз б.ғ.д, профессор Зейне Тұңғышбаеваға беріліп, өткізіліп жатқан іс-шара ұйымдастырушыларының жетекшісі ретінде барша оқытушыларға, қонақтарға және қатысушыларға алғысын білдіріп, бұл тек бастамасы ғана екенін, алдағы уақытта магистранттардың бұдан да көлемді шараларды өткізе алатынына сенімі мол екенін жеткізді.

 

       

 

       

       

 

       




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler