қазақша · русский · english
 
 
 
12.02.2018

 

Жаратылыстану және география институтында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» әдеби-сазды жыр кеші

 

2018 жылы 9 ақпанда Жаратылыстану және география институтында студенттік кеңес мүшелерінің жетекшілігімен және белсенді студенттердің ұйымдастыруымен поэзия алыбы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында мерекелік кеш болып өтті.

 

Аталмыш кешті институт директоры Куляш Каймулдинова ашты. Кеш барысында ақиық ақынның өмірбаяны туралы бейнежазба тамашаланып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы, «Махаббат диалогы» және де ақынның көз тірісінде ауруханада жатқандағы өлеңдері кез кезегімен қойылып, көрініс ретінде қойылды. Сонымен қатар, шара барысында мұзбалақ ақынның сөзіне жазылған өлеңдер айтылып, ақынға арнаулар оқылды.


Кешке жиналған қонақтар, ұстаздар, студенттер өлең құдіретін сезініп, әсерлі күй кешіп, ақынның өлеңдерімен сусындап, шабыт алып, рухани азық алып қайтты.


Іс-шара соңында институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов ұйымдастырған студенттік өзін-өзі басқару мүшелеріне және белсенді, талантты студенттерге алғысын білдіріп қорытындылады.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler