қазақша · русский · english
 
 
 
01.02.2018

Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын талқылау

 

2018 жылдың 30 қаңтар күні Жаратылыстану және география институты профессор - оқытушылар құрамы және білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау жиналысын өткізді.


Жолдауды талқылау барысын институт директоры профессор Күләш Каимулдинова ашып, алғашқы сөз кезегін баяндамашы институтымыздың б.ғ.к., профессор Абдыразақ Бабашевқа берді. Талқылау барысында университет доценті Талғат Увалиев пен университетіміздің белсенді студенті Дидарбек Ділдәбек Жолдауға қатысты өз ойларын айтты.


Жиналыс қорытындысында институт бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар анықталып, резолюция қабылданды.

 

  

 

  

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler