қазақша · русский · english
 
 
 
31.01.2018

«Тегін дүкен» акциясы

27 қаңтар күні Жаратылыстану және география институтының №2 жатақханасында институт директоры, география ғылымдарының докторы, профессор Күләш Каймулдинова және институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов басшылығымен «Тегін дүкен» акциясын өткізді.


Институт директоры Күләш Каймулдинова алғы сөзінде акцияның негізгі мақсаты мен түпкі ниетін түсіндіріп, студенттерге рухани тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ материалдық жағынан да қолдау көрсету және барынша қол ұшын созу керектігін айтты. Акция барысында студенттерге арнап тегін тәтті дәмдер мен киім- кешектер таратылды.


Іс-шара соңында жатақхана студенттері өткізілген шара жөнінде жылы лебіз, пікірлерін айтып, алғыстарын жолдады және бұл бастаманы қолдайтындарын білдірді.

 

  

 

  

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler