қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2017

«Дипломмен ауылға» іс-шарасы


2017 жылдың 7 желтоқсан күні Жаратылыстану және география институтында бітіруші түлектерін жұмыспен қамту бойынша жауапты, аға оқытушы Сәуле Джамилованың ұйымдастыруымен Мансап орталығының бастығы Гүлбану Айқымбаева мен институттың 4 курс және 2 курс магистратура бітіруші түлектерімен кездесу өтті.

 

Іс - шараны институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов ашты. Аталған іс-шараға Мансап орталығының қызметкерлері және топ эдвайзерлері (Талгат Уалиев, Сакен Іркітбаев, Нұржан Чинибаева) қатысты. Мансап орталығының бастығы Гүлбану Айқымбаева бірінші кезекте мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттерге және магистранттарға мәлімдеме берді.


Ақылы оқитын студентерге ақпараттар айтылып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын түсіндірді. Студенттер және магистранттар мансап орталығының бастығына қажетті сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

  

 

  

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler