қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2017

«90 жыл - 90 тағдыр» мерекелік іс - шара

 

2017 жылдың 4 желтоқсаны күні Университеттің 90 жыл толуына байланысты Жаратылыстану және география институтында «90 жыл - 90 тағдыр» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Іс- шара ботаника және жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы Раушан Джунусова және 3 курс ғылыми биология мамандығының студенттерінің, студенттік өзін - өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік кеште алғы сөзді Жаратылыстану және география институтының тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов алып, тілек - лебізін білдіріп өтті. Іс - шарада университет түлектері, анатомия, физиология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының профессоры Исатай Төленбек, ботаника және жалпы биология кафедрасының профессоры Дина Айдарбаева сөз сөйлеп, өз еңбек жолы, қызметі жөнінде және ақыл - кеңестерімен бөлісті. Одан әрі университет жөнінде арнайы даярланған бейнежазба көрсетілді. Әсем ән айтылып, күмбірлеген күй тартылды. Сонымен қатар қызықты ойын түрлері ойнатылып, сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.

 

  

 

  

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler