қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2017

Жаратылыстану және география институтының «Тән сұлулығы - ұстазда» фестиваліне қатысуы


2017 жылдың 1 желтоқсаны күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті "Спартак" алаңында университеттің профессор - оқытушылары мен қызметкерлері, студенттердің қатысуымен спорттық жарыстар мен ұлттық ойындардан «Тән сұлулығы - ұстазда» атты фестиваль өтті.

Фестиваль қорытындысы бойынша жалпы көрсеткіште институтымыздың профессор - оқытушылар құрамы 3 орынды еншілесе, студенттеріміз 1 орынға ие болды. Арнайы жүлделермен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Тахир Балықбаев марапаттап, жүлделі кубоктарды табыстады.

 

  

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler