қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2017

«Мәңгілік елдің тірегі - Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел

 

2017 жылдың 27 қарашасы күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Жаратылыстану және география институтының 416 дәрісханасында «Мәңгілік елдің тірегі - Елбасы» атты президент күніне орай ұйымдастырылған «Ел үшін еңбек еткен Ер тұлға» тақырыбында студенттік өзін -өзі басқару кеңесі мен 2 курс химия мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел салтанатты түрде ҚР мемлекетттік әнұранымен ашылды және ары қарай студенттер даярлаған баяндамалар арқылы әр қарай өрбіді. Елбасының жолдаулары мен стратегиялары жөнінде әңгіме қозғалды. Сонымен қатар Елбасы жөнінде бейнежазбалар көрсертілді. Дөңгелек үстелдің шарықтау шегінде қорытынды сөзді институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов алып, алда келе жатқан айтулы мереке тұңғыш президент күнімен құттықтап, дөңгелек үстел жөнінде пікірін білдірді.

 

  

 

  

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler