қазақша · русский · english
 
 
 
09.06.2017

 

        2017 жылы 9 маусымда Жаратылыстану және география институтында институт директоры К.Д. Каймулдинованың басқаруымен «Елтану және туризм», «Қазақстан географиясы және экология» кафедраларының ПОҚ-құрамының қатысуымен, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады.
    Онда қаралған мәселе Болашақты бағдарлаған рухани жаңғыру жолы. Елбасының соңғы мақаласында еліміздің алдағы уақыттағы әлеуметтік және идеологиялық даму бағдарын айқындаған маңызды жайттар баяндаған. Үшінші бағытта, жергілікті билік «Туған жер» бағ¬дар-ла¬масын жинақылықпен және жүйелі¬лікпен қолға алуға тиіс деп атап өтті. Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ¬дар¬ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ - жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл - рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі.
       Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол - ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі.
Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз. Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек. Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:

1. Аталған «Мәдени-географиялық белдеудің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.

2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.

3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы¬мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс.
      Осы атылған мәселелерге тоқтала келіп институт директоры К.Д. Каймулдинова ПОҚ-құрамына осы бағытта тапсырмалар беріп, жұмыс жасауға шақырды.

 

    

 

  




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler