қазақша · русский · english
 
 
 
20.04.2017

       «Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз!»

           2017 жылдың 19 - сәуір күні Жаратылыстану және география институтының 224 аудиториясында «Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз!» тақырыбында 3 курс биология мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтті. Кеш барысында студенттерге «наурыз көже» мен әртүрлі дәмдер таратылды. Мерекелік кешке университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы, университет кәсіподағының төрағасы Нурбатыров Болатбек Боданович, институт директоры Каймулдинова Куляш Дүйсенбаевна, институт профессор- оқытушылары мен институт студенттері және кеш қонақтары қатысты.

          Мерекелік шараның алғы сөзін университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы алды. Сөз кезегін институтымыздың директоры Каймулдинова Куляш Дүйсенбаевна алса, ары қарай университет кәсіподағының төрағасы Нурбатыров Болатбек Боданович сөз тізгінін жалғастырды. Мерекелік кеш «Қыдыр ата» мен « Жер Ананың» батасынан бастау алды. Содан соң шара арнайы ұйымдастырылған көрініспен ұласты. Көрініс барысында ұлттық биіміз «Қара жорға », «Қыз бен Жігіт айтысы», күмбірлеген күй, мың бұралған би де болды. Көрініс соңы «Қазағымның дәстүрлері -ай» әнімен аяқталды. Содан соң кеш қонақтары мен ұстаздарымызға ойындар ұйымдастырылып, арнайы сыйлықтар табысталды.

        Қорытынды сөзді институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы алып, өзінің ыстық лебізін білдірді. Мерекелік кеш әсем әнмен өз мәресіне жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler