қазақша · русский · english
 
 
 
18.04.2017

        2017 жылы 14 сәуір күні Жаратылыстану және география институтының 224 аудиториясында 1 курс студенттерінің арасында студенттердің қызығушылықтарын арттыру, талантты жастарға қолдау көрсету, институт аруын анықтау мақсатында «Мисс ЖГИ - 2017» байқауы болып өтті.

      Алғы сөзді институт директоры профессор Каймулдинова Күләш Дүйсенбаевна алып, байқау шымылдығын ашып берді. Байқауға институт профессор - оқытушылары, студенттік өзін - өзі басқару кеңесі, институт студенттері және өзге де институт студенттері қатысты. Байқауға 1 курс студенттері арасында жеті ару бағын сынады. Олар: биология мамандығының студенттері Құлмырзаева Гаухар Жәнібекқызы, Алмат Дилянора Алматқызы, Нұртаева Әсия Алтайқызы, география мамандығының студенті Чапай Алмагүл Аманбекқызы, химия мамандығының студенттері Асқарбек Ырыс Берікқызы, Бақтыбай Аружан Алмасқызы, биология мамандығының орыс бөлімінің студенті Ербол Парила. Байқау бес кезеңнен тұрды. Әділ-қазы алқалары институт директоратының шешімімен тағайындалды. Байқауға өзге институттардан қонақ болып келген студенттер өздерінің ән - шашуын ала келді. Соңғы марапаттау кезеңінде жүлделерді институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы табыстады.

        «Көрермен көзайымы» номинациясын Чапай Алмагүл, Алмат Дилянора, Асқарбек Ырыс иеленіп, арнайы сертификаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі үшінші орынды 1 курс биология мамандығының орыс тобының студенті Ербол Парила иеленсе, екінші орынды Нұртаева Әсия еншіледі. Ал бірінші орынды 1 курс биология мамандығының 2 топ студенті Құлмырзаева Гаухар Жәнібекқызы қанжығасына майлады. Бас жүлдеге 1 курс химия мамандығының 1 топ аруы Бақтыбай Аружан ие болып, салтанатты түрде тәж тарту етіліп, арнайы сертификат пен қаржылай сыйлықты иеленді. Байқау мәресінде университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы атынан байқауға қатысқан аруларға «Махаббат әлемі» атты жұлдызды жұптардың ән кешіне билеттер тарту етілді.

 

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler