қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде 2016 жылдың 29-31 наурызында  «5В060900-География»  мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеттерінен дайындалған командалар қатысты. Республикалық пәндік олимпиада үш айналым бойынша жүргізілді. Бірінші айналым «Диалог» - командаларды таныстыру; екінші айналым «Танымдық» - тесттік және практикалық  тапсырмалар, үшінші айналым «Өзіндік жұмыс». Олимпиадаға Жаратылыстану және география институты, Елтану және туризм кафедрасының 5В060900-География мамандығы бойынша 3-курс студенттерінен құралған «Хан Тәңірі» командасы қатысты. Команда мүшелері Акбаева Айгерим, Әлімбаева Мөлдір, Мирзаев Эльхан, ғылыми жетекшісі аға оқытушы, география магистрі Р. Т. Искакова.  Республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте  «Хан Тәңірі» командасы ІІ дәрежелі дипломмен, ал жекелей есеп бойынша Әлімбаева Мөлдір ІІІ дәрежелі дипломмен және Мирзаев Эльхан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler