қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2017

2017 жылы 24 ақпанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің №1 оқу ғимаратында Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен 224 аудиториясында « Ашық есік » күні өтті.

Шара шымылдығын институт директоры, профессор Каймулдинова К.Д. ашып берді. Әр кафедра меңгерушілері кафедралардың тарихымен, оқытушылар құрамымен, жұмыс барысымен таныстырды. Институт түлегі, 1 курс туризм мамандығының магистранты жиырмадан астам елдерде болып, тәжірибе алған Менилбаева Жансая келген қонақтармен жеткен жетістіктері туралы ой бөлісті. Вилньюс қаласында тәжірибе алмасып келген 2 курс студенті Раева Махаббат сөз кезегін алып, шетелде білім алғаны туралы баяндады. 2 курс және 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен флешмоб көрсетілді. Хорезм халқының биімен 1 курс студенттері келген қонақтарымыз бен оқушыларымызды тамсандырып, таңдай қақтырды. Өзіңің сыңғырлаған даусымен , нәзік үнімен жан дүниені баурап алар әнімен 2 курс студенті Мәтен Айгерім «Қазақ елі» әнін орындаса, 1 курс студенттері Аружан мен Ақтолқын есімді қыздарымыз «Кел, достарым!» әнін тамаша орындап, жүрек елжіретті. Сөз кезегін білімгерлерді қабылдау мен мамандар даярлауды бақылау орталығының директоры Иманбердиев Борасын Джакипбаевич алып, оқушыларды 2017 жылғы талапкерлерге арналған ақпараттармен таныстырып өтті. Қорытынды сөзді институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсымбекұлы алып, қонақтарымызға келгендеріне алғыс білдіріп, университетімізге оқуға түсуге шақырды. Шараға қонақ болып келген мектептер мен колледждер: №98 жалпы білім беретін мектеп, Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі, №59 мектеп-гимназия, №58 жалпы білім беретін орта мектеп, №178 мектеп- лицей, №13 мектеп-гимназия , №4 гимназия, № 136 мектеп-гимназия, №13 мектеп, №12 мектеп, №181 мектеп, №149 мектеп, ҚРМУ колледжі. 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler