қазақша · русский · english
 
 
 
21.10.2016

 

«Аралас оқыту жәе ТРАСК (техникалық, педагогикалық және контентті)» тақырыбына дөңгелек стол


2016 жылдың 20-қазанында Жаратылыстану және география институтының, ботаника және жалпы биология кафедрасында «Аралас оқыту және ТРАСК» тақырыбында дөңгелек стол өтті. Дөңгелек стол Лейден университетінің қауымдастық профессоры JCLOM білім берудің басты кординаторы ХЭНК Френкеннің қатысуымен өтті.
Бұл кездесу ботаника және жалпы биология кафедрасында ұйымдастырылып, кафедра меңгерушісі С.К.Иманкулованың басшылығымен өтті. Кездесуге жаратылыстану және география институтының директоры, профессор К.Д.Каймулдинова, кәсіби бағытталған тілдер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Абуов сонымен қатар, жаратылыстану және география институтының профессор - оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Дөңгелек столдың негізгі мақсаты институт докторанттары мен магистранттар үшін сабақтарда АТ (JT) қолдану мүмкіндіктерін қарастыру және студеттерге әдістемелік білім беру болды.

 

                

 

                

 

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler