қазақша · русский · english
 
 
 
18.10.2016

 

2016/17 оқу жылының тәрбие жоспарына байланысты 2016 жылдың 14 қазанында «ARAGOSTA» кафесінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенттерін «Студенттік қатарға қабылдау» кеші болып өтті.
Кешке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т. Манапов, 1 курстың эдвайзерлері мен тәрбие жетекшілері, студенттік директорат мүшелері және 1курс студенттері қатысты.
Алғы сөзді Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т. Манапов алып, университет басшылығының және институт директорының атынан құттықтады. Нұрлан Тұрсымбекұлы 1 курс студенттерін жаңа студенттік өмірге қадам басуларымен құттықтап, білімді және тәрбиелі болыңдар деп тілегін білдірді.
Сонымен қатар оқу озаттарына, белсенді студенттер мен студенттік директорат мүшелеріне алғыс хаттар табыстады. Кеш жоғары дәрежеде өтті. Кеш барысында түрлі ойындар ойнатылып, би биленді.

 

                




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler