қазақша · русский · english
 
 
 
24.09.2016

 

Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған
«Қазақ тілі - құрметім!» атты мерекелік кеш өтті

 

21.09.2016 жылы Жаратылыстану және география институтының биология мамандығынының 3 курс студенттері ҚР халқының тілдері күніне арнайы «Қазақ тілі - құрметім!» атты мерекелік кеш өткізді. Ұйымдастырушылар: жаратылыстану және география институтының тәрбие ісі-жөніндегі директордың орынбасары Н.Т. Манапов, тәрбие жетекшісі х.ғ.к. ,аға оқытушы Н.С.Жусупбекова, 5В011300-биология, 3 курс 2 топ старостылары Н. Бурханова және Ғ.Нұрғали. Мерекелік көңілмен студенттер өздерінің ұйымдастырған слайд-шоу, өлең жолдарды, би өнерін, тақырыпқа байланысты көріністі, «Жаса, қазақ тілім», «Көк тудың желбірегені» атты әндерін профессор оқытушылар құрамына, студенттер мен магистранттарға паш етті.

Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына ат салысып жүрген құрметті қонақтар К.Д.Каймулдинова, Н.Т. Манапов сөз сөйледі.

  

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler