қазақша · русский · english
 
 
 
12.05.2016

2016 жылы 22 сәуір күні жаратылыстану және география институтында университеттің «Студенттік көктем» апталығына орай, «Химия көктемі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл кеш мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Абай сыйы» атты пәндік олимпиадамен тұспа-тұс келіп, олимпиядаға қатысушы оқушылар мен жетекшілері арнайы қонақ ретінде шақырылды. Сонымен қатар, аталған іс-шараға институттың студенттері, магистранттары және профессор-оқытушылары қатысты. Мереке №1 оқу ғимаратының 224 үлкен дәріс залында өтті. Институт директоры, профессор К.Д.Каймулдинова келген қонақтарға алғыс білдіріп, кешті ашып берді. Мерекелік концертті институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Н.Т., тәрбие жетекші аға оқытушы Жақсыбаева Ж.М., химия кафедрасының 5В011200-химия мамандығының 3 курс студенттері мен студенттік директораттың мүшелері ұйымдастырды. Мерекелік іс-шарада қызықты химиялық тәжірибелер көрсетіп, химиялық ертегі әлеміне саяхат жасалды. «Чики-брики» әзіл-ысқақ командасы өз өнерлерін көрсетіп, көрермендермен түрлі химиялық ойындар ұйымдастырды. Студенттер жаңа қырларынан көрініп, таланттарын көрсетті.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler