қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2016

2016 жылдың 27 сәуірі күні жаратылыстану және география институтында ҚР ЖОО арасында Республикалық пәндік және Педагогикалық ғылымдар бойынша магистранттардың арасындағы олимпиадаларда жүлделі орын алған студенттер мен магистранттарын марапаттау үшін, «Асуды бағындырған алыптар» атты кеш ұйымдастырылды. Мереке №1оқу ғимаратының 422 дәріс залында өтті. Кешке институттың студентері, магистранттары және профессор-оқытушылары қатысты. Мерекелік кешті институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Н.Т. және студенттік директорат мүшелері Абдуалиева Ж.А., Ораз А.Ә., Жаңбыр М.Ә. ұйымдастырды. Институт директоры, профессор К.Д.Каймулдинова олимпиада жүлдегерлері мен жетекшілерін жетістіктерімен құттықтап, институттың алғыс хатымен және арнайы сыйлықтарымен марапаттады. Кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Кештің оқу-тәрбиелік мәні өте зор болды.

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler