қазақша · русский · english
 
 
 
15.01.2019

Спартакиада - 2019

 

2019 жылдың 10-12 қаңтар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушылар арасында «Денсаулық-2019» спартакиадасы өтті. Спартакиадаға 400-ден астам университет оқытушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және университет қызметкерлерін спортқа тарту. Үш күндік жарыста командалық сайыста Өнер, мәдениет және спорт институтының өкілдері бірінші орынды жеңіп алды. Команда арнайы диплом мен кубокпен марапатталды.

 

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары институт ұжымының жеңісіне үлес қосты. Жарыстың соңғы күнінде университет ректоры, профессор Такир Балықбаев спартакиадаға қатысушылар мен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

 

   

 

  

 




Кері оралу