қазақша · русский · english
 
 
 
25.06.2018

Біліммен-болашаққа

 

Ағымдағы жылдың 21 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде бітіруші бакалавр түлектеріне «Біліммен-болашаққа» диплом беру кеші өтті. Салтантты диплом беру кешінде «Дене мәдениеті және спорт» мамандығының түлектері 4 жыл бойғы еңбектерінің жемісін көретін құжаттарын қолдарына алды.


Дене мәдениеті және спорт мамандығын бітірушілер саны - 44, оның ішінде 2 қызыл диплом иегерлері бар.


Бітірушілердің диплом алу салтанатына Университетіміздің ректоры Такир Балықбаев жас мамандарға игі тілектер тілеп, бітіруші түлектерге дипломдарын табыстай тұрып, ел игілігіне адал еңбек ететіндеріне сенім білдірді.


Кеш барысында бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары жауап ретінде университет әкімшілігіне, топ жетекшілеріне, оқытушылары мен қызметкерлеріне шын жүректен шыққан әсерлі алғыс сөздерін жеткізді.

 

Дəстүрге айналған кеш өте қызықты да əсерлі өтті. Кеште шырқалған əн мен би бітіруші түлектерге арналды.

 

         

 

          

 




Кері оралу