қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2019

«XXI ғасыр мұғалімін дайындаудың мәселелері»

 

2019 жылдың 21 ақпанында Филология және көптілді білім беру институтының «Шетел тілдері» кафедрасында «XXI ғасыр мұғалімін дайындаудың мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шараға «6М011900- Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2 курс магистранттары, профессор-оқытушы құрамы және № 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің әдіскері Мадина Бегазова қатысты.

 

«Дөңгелек үстел» жұмысы барысында магистранттар Салтанат Сатибек, Дана Жұмабаева, Ағжан Суембекова - «ХХІ ғасыр мұғалімінің портреті», магистрант Адинай Мұратова - «ХХІ ғасыр мұғалімінің портретін өзектендіру» және магистрант Анель Хамзина - «Ертеңгі күннің құзыреттері» тақырыптарында баяндамалар оқыды. Мұғалімнің құзыреттеріне байланысты негізгі теориялық ұғымдар талданып, жаңартылған оқу бағдарламасының енгізілуіне орай өзекті болып табылатын құзыреттер қарастырылды.


Іс-шараға қатысушылар жаңа ғасыр мұғалімінің бойында болуы тиіс біліктіліктер, қасиеттер мен қабілеттер және мұғалімдерді дайындаудағы негізгі мәселелерге байланысты өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мұғалімнің кәсіби, пәндік, әдістемелік, коммуникативтік және психологиялық құзыреттерге ие болуы және шетел тілі пәні мұғалімі үшін тілдік, әлеуметтік-мәдени және мәдениетаралық қарым-қатынастық құзыреттердің маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар ұйымдастырушылық, икемділік, ізгілік қасиеттерінің жоғары болу қажеттілігі мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана білу туралы сөз қозғалды.


«Дөңгелек үстел» шешімі ретінде жаңа заман мұғаліміне қажетті қабілет-қасиеттердің барлығы «жауапкершілік» және «адамгершілік» сөздеріне жинақталып қорытындыланды.

 

   

 

   

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler