қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Халықаралық ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
Апелляцияға өтініш беру

Тест тапсырмаларын бағалаудағы біріңғай талаптардың орындалуы мен даулы сұрақтардың шешілуін қамтамасыз ету, кешенді тестке қатысушылардың құқығының орындалуы мақсатында ҰБТ өткізу кезінде апеллияцияларды қара жөніндегі Республикалық комиссия (Бұдан әрі Республикалық апеллияцилық комиссия) және әрбір базалық ЖОО-да апеллияцилық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссиялар кешенді тестілеудің нәтижесімен немесе тест тапсырмаларының мазмұнымен келіспеген тұлғалардың өтінішін қарастыру үшін құрылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның құрамы мен төрағасы білім беру саласындағы өкілетті органдарының бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссия төрағасын білім беру саласындағы өкілетті органның бұйрығымен комиссия мүшелерімен, ал құрамы -кешенді тесті өткізу және ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасының бұйрығымен бектітіледі.
Апелляциялық комиссия тестке қатысушылардан тест тапсырмасының мазмұны мен техникалық себептері бойынша өтініштерді қабылдайды және қарастырады, апелляцияның қорытындысы туралы ақпараттар мен тұлғалардың балдарын қосу туралы Республикалық апелляциялық комиссияға ұсыныс береді.
Апеллияцияға өтінішті апелляциялық комисия төрағасының атына тестке қатысқан тұлғаның өзі береді.
Тест мазмұны мен техникалық себептерге байланысты өтініштерді кешенді тестілеу нәтижесін хабарлаған соң келесі күні сағат 13.00 дейін қабылдайды және сол күні апелляциялық комиссияда талқыланады. Өтініш берушінің өзімен бірге жеке куәлігі, тестілеуге арналған рұқсатнама құжаты болуы тиіс. Апелляциялық комиссия әрбір тұлғамен жеке жұмыс жасайды. Апелляциялық комиссия мәжілісіне келмеген жағдайда тұлғалардың апелляцияға берген өтініштері қарастырылмайды. Апелляциялық комиссия жұмыстарына апелляциялық комиссия төрағасы басшылық етеді. Тестілеу нәтижесімен келіспеушілік туралы апелляция шешімі бойынша комиссия мүшелерінің жалпы санының көбірек дауыстарымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып есептеледі.

370