қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
 
 
 
Университет бүгінде

Абай атындағы ҚазҰПУ- сапалы білім берудің жоғары стандарты  

 

Абай атындағы ҚазҰПУ - дың басты және негізгі міндеті - бастапқы білім негіздері мен қолданбалы әдістерді меңгерген  бәсекелестікке қабілетті, жоғарғы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар  мамандар дайындау.    Қазіргі таңда  Абай атындағы ҚазҰПУ     педагогикалық білім беру, экономика және бизнес, құқықтану және халықаралық қатынастар, журналистика, әлеуметтік және саяси ғылымдар саласында мамандар дайындайтын, қайта дайындықтан өткізетін, біліктілігін арттыратын  көпқырлы ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті - Қазақстандағы жетекші және ірі университет, сондай-ақ,  отандық педагогикалық ғылым мен мәдениеттің орталығы. Білім берудің жоғары сапасы, Республикамыздағы   үздік 10 университеттің ішіндегі мақтауға тұрарлық орны, педагогикалық университеттердің көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұруы еңбек нарығында өз орнын табуға қабілетті, жоғары білікті мамандар дайындауда маңызды міндеттерді дұрыс қоюға және оны дұрыс шешуге мүмкіндік береді.          Абай атындағы ҚазҰПУ-да 9 факультет (педагогика және психология, филология, тарихи, география-экология, химия - биология, шетел тілі және халықаралық қатынастар, физика-математика, бейнелеу өнері және графика, дене шынықтыру және   бастапқы әскери дайындық); 2 институт:   PhD докторантура және магистратура, құқык және экономика; 10 ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары  жұмыс істейді.  Университетте білім беру  үш деңгейлі жүйесі бойынша (бакалавриат-магистратура- PhD докторантура) білім алушының жеке білім алу шеңберін анықтауға мүмкіндік беретін Болон конвенциясы мен кредиттік технология принциптеріне сәйкес құрылған.

Университетте 130-дан астам білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады,  оның ішінде жоғары кәсіби білім беру мен бакалавриаттың 51  мамандығы бойынша,  магистратураның 50 мамандығы бойынша PhD докторантураның  28  мамандығы  бойынша  болашақ  мамандар дайындалуда.

Бүгінгі таңда Университет қабырғасында  10 мыңнан астам студент білім алуда, оның ішінде 3 мыңнан астам студент мемлекеттік білім гранты бойынша  оқиды. Сонымен қатар,  600 магистрант және 70 PhD докторант білім алуда. Университет факультеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарында  11 академик және ҚРҰҒА-ның корреспондент мүшелері,  40-тан астам қоғамдық бірлестіктердің академиктері,  180-нен аса ғылым докторлары мен профессорлар, 400-ден аса ғылым кандидаттары мен доценттер жұмыс істейді. Университетте үнемі білім беру бағдарламалары кеңейтіліп, оқу жоспарлары  жаңартылып және жетілдіріліп,   оқытудың заманауи ақпараттық коммуникациялық технологиялары енгізіліп отырады. «Білім беруді зерттеу арқылы жүзеге асыру» принципіне сәйкес,   университет осы сала бойынша білім алушылардың практикалық қызметтерде  және өмірде өз орынын табуға мүмкіндік беретін көптеген кәсіпорындар мен мекемелермен тұрақты әрі белсенді түрде әріптестік байланыста. Осының негізінде біздің көптеген студенттеріміз төменгі курстардан бастап өздерінің болашақ мамандықтары туралы жеткілікті түрде  толық түсінік қалыптастырады.                                 

Абай атындағы ҚазҰПУ -дың күндізгі бөлімде оқитын студенттерінің запастағы офицерлерді дайындайтын бағдарлама бойынша  әскери дайындықтан өтуге мүмкіндігі бар.  Абай атындағы ҚазҰПУ  көпқырлы заманауи білім беру кешені және Тәуелсіз Қазақстанның ірі оқу - ғылыми орталығы болып табылады.

   Университеттің педагогикалық және ғылыми қызметі мен білім берудегі жоғары деңгейін: Білім беру қызметіне берілген Мемлекеттік лицензия (2003 ж.); Мемлекеттік аттестация (2003 ж., 2007 ж., 2010 ж., 2012 ж.); Институтционалдық аккредитация (2010 ж.); ISO 9000 сапа менеджменті жүйесінің сертификаты (2005 ж., 2010 ж.); ЮНЕСКО халықаралық педагогикалық желіге қосылуы (2006 ж.); «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» ҚР-ның Президентінің сыйлығы (2007 ж.);  ASSIN халықаралық аккредитация өтуі (Германия, Дюссельдорф, 2012 ж.) растайды.

2007 жылы қол қойылған «Maqna Charta Universitatum» біздің университетті бітірушілер дипломын Болон келісім шартына қол қойған барлық оқу орындары мойындайды және университет түлектеріне өздерінің білімін Еуропаның бірқатар жоғары оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндік береді. Екі диплом алуға берілген мүмкіндіктер алыс және жақын шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарымен келісім шартта негізделген: олар Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Ян Каменский Университеті (Братислова, Словакия), Миколас Ромерис Университеті (Вильнюс, Литва) және т.б.

Университет қызметінің ажырамас бөлігі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторанттары мен магистранттары, профессор-оқытушылар құрамы бірігіп ғылыми зерттеулер жасауға және ғылыми тәжірибелерден өтуге мүмкіндік беретін әлемдік білім беру кеңістігі болып табылады. Университеттер арасындағы студенттерді алмастыру жүйесі бойынша, 30 студент алыс шетелдерде және «Болашақ» бағдарламаласы бойынша білім алуда. Университет әлемнің 25 мемлекетінің 95 Университетімен: Монтана Университеті (АҚШ), Бэкингем университеті (Ұлыбритания), Макао университеті (Оңтүстік Корея), Фрайбург педагогикалық Университеті (ФРГ), М.В.Ломоносов атындағы ММУ (Ресей) және т.б. озық тәжірибелі Университеттермен байланыс орнатқан. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  дипломы жоғары мәдениеттің, білімділіктің және күрделі кәсіби міндеттерді білікті шешуге қабілеттіліктің  кепілі ғана емес, сонымен қатар, білімді еркін меңгеруді,  оны тәжірибе қолдануға қабілеттілікті, қызметтің жаңа саласына тез бейімделуді қамтамасыз етеді.   

Университетімізде жоғары білікті мамандар даярлау ісі ұлттық құндылықтарға, халықтық тәрбие негіздеріне, білім берудің қазіргі заманауи инновациялық технологияларына сай құрылған оқу тәрбие ісі арқылы жүзеге асырылуда. Университетіміздің педагогикалық ұжымы болашақ мамандардың сапалы білім алуымен қатар олардың азаматтық жауапкершілігін, отаншылдық рухын, елдік қасиеті мен ұлттық ар-ұжданын тәрбелеуге баса назар аударуда.   

Университет қызметінің маңызды басымдықтарының бірі  - оқытуды  практикамен ұштастыруында болып отыр. Студенттер үшін мастер класстар, тренингтер, іскерлік ойындар ұйымдастырылады.  Ірі жұмыс берушулермен ынтымақтастықта болу Университетке таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа бейімделген және кәсіби білікті мамандар дайындауға кең мүмкіндік береді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  негізгі мақсаты жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындау.  Университет түлектері болашаққа деген сеніммен, өздерінің мақсаттарын дұрыс түсінумен, нәтижеге  жетуді мақсат етуімен, карьералық баспалдақпен өсуге тырысуымен ерекшеленеді.                   Университет рейтингінің келесі көрсеткіші - университет түлектерінің сұранысқа ие болуы. Университет түлектері ғылым және білім беру саласында, мемлекеттік қызметте, мәдениет, экономика, құқық саласында, туристік агенттіктерде, әр түрлі салалардағы отандық және шетел компанияларында сұранысқа ие. Университет түлектерінің 80 % астамы университет бітірген алғашқы жылы өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуда.    

Университетте білім алушыларға қолдау көрсететін кең әлеуметтік бағдарламалар бар, оған университет ректорының гранты, әлеуметтік жеңілдіктер және шығармашылық, бос уақыттарын тиімді пайдалануға байланысты, экскурциялар, мұражайлар, театрларға бару, сондай -ақ, қоғам қайраткерлерімен, ғалымдармен, бизнесмендермен, ақын - жазушылармен, саясаткерлермен кездесу  жұмыстары  жүргізіледі.

Университет жатақханаларында студенттер мен магистранттардың білім алуы мен демалуына қолайлы жағдай жасалған және жатақханалар  қаланың орталығында орналасқан.  

 

 

 

 
 
 
Біз туралы
  • Ректорат
  • Ғылыми кеңес
  • Университет тарихы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары
  • Ректор аппараты
  • Ғылыми институттар және орталықтар
  • Институттар
  • Ректор
  • Басқармалар
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
  • Құрылымдық бөлімдер
  • Ұйымдастырушылық құрылым

  • Білім
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Академиялық ұтқырлық
  • РОӘК ОӘБ
  • Тіркеу басқармасы
  • Академиялық саясат
  • Бақылау және бағалау
  • Нормативті - құқықтық құжаттар
  • Ережелер мен реттеу құжаттары
  • PhD докторантура
  • Студенттің анықтамалық қолкітапшасы
  • Студенттер өтініштерінің үлгілері
  • Білім беру туралы құжаттар

  • Ынтымақтастық
  • Шетелдегі ЖОО-мен келісімдер
  • Басшылық
  • Шетелдік оқытушылар мен студенттерге
  • ЮНЕСКО педагогика кафедрасы
  • Пайдалы сілтемелер
  • Біз туралы
  • Хабарландырулар
  • Халықаралық бағдарламалар
  • Халықаралық ұйымдар

  • Институттар
  • Тарих және құқық институты
  • Математика, физика және информатика институты
  • Филология және көптілді білім беру инcтитуты
  • Педагогика және психология институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жалпы университеттік кафедралар
  • Дайындық факультеті
  • Сорбонна - Казахстан Институты

  • Ғылым
  • Диссертациялық кеңес
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары СҒЗЖ
  • Ғылыми шаралар
  • ПОҚ жарияланымы. Қорғалатын құжаттар
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Ғылыми-инновациялық паркі
  • Ғылыми жобалар
  • «Хабаршы» ғылыми журналы
  • "Ұлттық тәрбие" Республикалық ғылыми көпшілік журналы
  • Ғылыми-әдістемелік журнал "Педагогика және Психология"
  • Ғылыми сапарлар мен тағылымдар
  • ҒӘК Мектеп-колледж-ЖОО

  • Ғылыми кітапхана

    Студенттік өмір
  • Студентер кәсіподағы
  • Жастар ісі жөніндегі комитет
  • «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы
  • Студентердің ағымдық және аралық бақылауын есепке алу журналы
  • Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
  • Мәдениет орталығы
  • Денсаулық сақтау пункті
  • Оқу ғимараттары
  • Жатақханалар

  • Түлек
  • Түлектерге арналған ақпарат
  • Жұмыс берушілерге арналған ақпарат
  • Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмысқа орналасқандығын қуаттау
  • Тәжірибе және жұмысқа орналасу бөлімі
  • Бітірушілер қауымдастығы
  • Бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша тәжірибе базалары
  • Ұлттық біліктілік шеңберлері

  • Талапкерлерге
  • Ұлттық тестілеу орталығы
  • Нострификация бойынша құжаттардың тізімі
  • Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығы
  • Талапкерлерге
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура PhD
  • Екінші жоғарғы білімге арналған қабылдау ережесі
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережелері
  • Институттар мен факультет бойынша Ашық есіктер күндерінің кестесі
  • Апелляцияға өтініш беру
  • Байланыстар
  • Сорбонна Қазақстан Институтына түсушілерге

  • Даму
  • Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингілері
  • Болон процесі
  • ТЕМПУС жобасы
  • Академиялық сараптау
  • Академиялық ұтқырлық

  • Абай Университеті