қазақша · русский · english
 
 
 
Пән курстарына тіркеу

 

Оқу пәндерге тіркеу білім алушының жеке оқу траекториясын эдвайзермен талқылап болған соң жүзеге асырылады. Эдвайзер типтік оқу жоспарларына және элективті пәндер каталогына сәйкес пәндерді таңдау мәселелерін түсіндіреді.

 

Тіркеуді жүргізу уақыты академиялық күнтізбеде көрсетіледі.

Тіркеу тәртібі:

1) Абай атындағы ҚазҰПУ-ға жаңа түскен студенттердің тіркелуі бірінші семестрдің басталуына дейін бағыт беру аптаның ішінде жүргізіледі. Білім алушылардың бұл категориясы үшін тіркеуге рұқсат етудің негізі университет студенттері қатарына қабылдау туралы бұйрық және семестрге төленетін оқу ақысы (егер білім алушы ақылы бөлімде оқыса) болып табылады;

2) Қалған білім алушылар Академиялық күнтізбеде белгіленген (сәуір) тіркеу мерзімі бойында келесі оқу жылының пәндеріне және оқу пәндерді қайта оқуға (Retake) тіркеледі.

 

Екінші және жоғарғы курс студенті 20 тамызға дейін 10%-дан артық емес көлемінде өзінің жеке оқу жоспарына өзгерістерді енгізе алады. Бұл жағдайда тіркеу бөліміне белгіленген форма бойынша өзгерістері көрсетілген өтініш жазылады.

Академиялық топтар (ағымдар) пән бойынша жеткілікті білімгерлер саны болған жағдайда құрылады. Академиялық топтар 30 және одан да көп студенттер саны болған жағдайда құрылады. Академиялық топта - 10-30 студент, ал академиялық топшаларда 10-12 студент болуы тиіс. Студенттер саны аз мамандықтарды есепке алмағанда.

Тіркеу ағымында пән бойынша тіркелген студенттер саны жеткіліксіз болған жағдай пән оқытылмайды және оқу жұмыс жоспарына енгізілмейді, бұл жайлы ақпарат университет порталындағы факультет бөлімінде және стендтерде жазылуы тиіс. Осы пәнге тіркелген студенттер 20 тамызға дейін жеке оқу жоспарларына өзгеріс енгізуі керек.

Тіркеу ағымында пән бойынша тіркелген студенттер саны берілген мөлшерден асып кеткен жағдайда аталмыш пән бойынша қосымша академиялық топтар құрылады.

Мамандықта студент саны аз академиялық топтар элективті пәндерді оқығанда жазылу қағидасына сәйкес бир пәнге біріктіріледі.

Егер білім алушы немесе келесі курсқа көшірілген білім алушы пәндерге тіркелмесе және жеке оқу жоспарын бекітпесе оқу негізіне курс бойынша оқу жұмыс жоспары алынады. 

Білім алушы жеке оқу жоспарына өзгерісті оқу жұмыс жоспары шегінде теориялық оқу семестріне дейін енгізу керек. Жеке оқу жоспарын тіркеу бөліміне өткізудің соңғы уақыты - семестрдің  1-аптасы.

Бекітілген жеке оқу жоспары 3 нұсқада  жасалып, білім алушының қолы қойылып келісілу үшін эдвайзерге беріледі. Эдвайзер ескерту болмаған жағдайда жеке оқу жоспарына қолы қояды.

Оқу пәндеріне жазылу аяқталған соң, жеке оқу жоспарыларына ережелер бойынша түзетулер енгізілген соң факультет декандарымен бекітіледі.  Жеке оқу жоспары оқу жұмыс жоспары мен академиялық периодтағы немесе аталмыш оқу жылындағы оқу төлемақысын есептеуге көмектеседі.

Бекітілген жеке оқу жоспарының 1 экземпляры білім алушыда, екіншісін эдвайзер аралық аттестацияны ұйымдастыратын тіркеу бөліміне өткізеді, ал үшінші экземпляр эдвайзерде сақталады. Эдвайзердегі жеке оқу жоспарлары бойынша білім алушының кәсіби оқу бағдарламасының  меңгерілуі бақыланады. 

Жеке оқу жоспары білім алушының жеке идентификациялық СЖК номері бойынша тіркеледі.

Жазғы семестрге тіркелу Академиялық күнтізбе уақыттарына сәйкес жүргізіледі. 

 

830
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler