қазақша · русский · english
   
Басшылық
20.04.2017

 

     2017 жылдың 12 сәуірінде университетімізде Қазақ-Венгрия мәдени-білім беру орталығының салтанатты ашылуы болды. Ашылу салтанаты орталық алда жұмыс атқаратын тарих және құқық институтында өтті. Бұл шара Қазақстан мен Венгрия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен дипломатиялық қатынастың орнығуына 25 жыл толу аясында ұйымдастырылды.
       Венгрияның бас консулдығы тарих және құқық институтының қорына өз мұрағаттарынан мәліметтер, венгрлік авторлардың кітаптарын, ғылыми мақалаларын және әртүрлі тілдегі оқу құралдарын табыстады.

      Кездесуге Венгрияның бас консулы Ференц Блауман, экономикалық сұрақтар бойынша кеңесші Дёрдь Тар, әкімшілік сұрақтар бойынша атташе Терезиа Блауманн, ҚР СІМ өкілі Бакуев Сарсен қатысты.
    Біздің университетті бірінші проректор М.Е. Ермағанбетов, тарих және құқық институтының директоры Б.С. Жумагулов, Орталықтың профессоры және жетекшісі Халидуллин Г.Х., халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Абуева Н.А және т.б. таныстырды.
    Орталықты ашудың мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ студенттердің венгр тілін және кәсіби пәндерді үйренуде, студенттер мен қызметкерлердің экономика, мәдениет пен Веннгрия тарихымен танысуда пайда болатын жаңа этномәдени, лингвистикалық жағдайларға бейімдеуін жеңілдету.
       Орталық барлық қалаушыларға венгр тілін үйретіп, елдің мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Мәдени-білім беру орталықтың міндеті Венгрияны дамыту және көпшілікке тарату. Орталықтың жұмысы екі ел арасындағы қатынастың нығаюына септігін тигізері анық.
      Абай атындағы ҚазҰПУ және Венгрияның Алматыдағы бас консулдығы алда бірлескен жемісті жұмысқа мақсатталғандықтан, бұл орталықтың ашылуы осы игі шараға бастау болмақ.

 

 

 




Кері оралу