қазақша · русский · english
 
 
Басшылық
23.09.2016
2015/2016 оқу жылында Қытай мемлекетіндегі Чаожау қаласындағы Ханшань педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер әдістемесі мен теориясы» кафедрасының аға оқытушы Бауыржан Токтарович Найманов, Қазақстан, Ресей және Қытайда шығармашылық жұмыстарымен республикалық және халықаралық көрмелерге қатынасқан шебер, графика саласы бойынша линогравюрадан сабақ өткізіп келді.

19.03.2016
2016 жылың 15-18 наурыз аралығында Цукуба университетінің өкілдері Абай атындағы ҚазҰПУ ресми сапармен келді. Сапар аясында делегация педагогика мен психология Институты және жаратылыстану мен география Институттарындағы бакалав студенттері мен магистранттарының сабақтарына қатысып, жоо арасындағы ынтымақтастықты күшейту, алдағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру жайлы профессор оқытушылар құрамы, магистрант, доктарант, студенттермен дөңгелек үстел өткізді. ҚазҰПУ ұйымдастырумен Педагогикалық колледж, Назарбаев Зияткерлік мектебі және «Өрлеу» ББЖҚБАРИ кездесіп, ҚР білім беру жүйесімен танысты.

25.01.2016
2016 жылдың 22 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде QS (Ұлыбритания) рейтингтік агенттігімен және "Study Innovations" атты білім беру холдингісімен бірлесіп, әлемдік білім беру аренасында қазақстандық жоғары оқу орындарын насихаттау бойынша «Қазақстандық университеттер QS рейтингілерінде: ережелер мен өсу бағыттары» және «Халықаралық білім аренада университетті алға жылжыту» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.

 
 
 
 
 
 
Besucherzahler