қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Қасым Балқия Қасымқызы

Қасым Балқия Қасымқызы

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында, Ж.Аймауытов атындағы ұжымшарда 1948 ж. 5 - желтоқсанда туды. Павлодар педагогикалық училищесін, Абай атындағы ҚазПИ-ді, ҚР ҰҒА-ның Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірді.
1976-1991 жылдарда ҚР ҰҒА-ның Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері.
1991 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ филологиясы факультетінде аға оқытушы, доцент, профессор қызметін атқарды.
1993-1997 оқу жылдарында Қазақ филологиясы факультетінде деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым.
2003-2013 дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мемлекеттік тіл қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметінатқарды.
2013 жылдан «Қазақ тілінің теориясы және әдістеме» кафедрасында профессор қызметін атқарып келеді.
1992 жылдан филология ғылымдарының кандидаты, 1997 жылдан - доцент.
2002 жылдан филология ғылымдарының докторы, 2004 - жылдан ЖАК-тың профессор, 2010 Педагогикалық білім беру Халықаралық ғылым академиясының академигі атағы берілді.
Негізгі еңбектері: Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер (1996), Қазіргі қазақ тілі» (авторлар бірлестігі) (1997), Күрделі зат есімдер сөздігі (1999), Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым (2001), Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының сөзжасамдық құрылымы мен үлгілері (2000), Қазақ грамматикасы (авторлар бірлестігі) (2002), Сөзжасам: семантика, уәждеме (2003), Қазақ тілі (авт.бірлестігі.) (2003), «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (авт.бірлестігі.) (2005), Күрделі аталым жасалымы: когнитивті-дискурстық ұстаным. Монография (2010), Қазіргі қазақ тілінің теориялық және қолданбалы аспектісі. Ғылыми мақалалар (2010), Қазіргі қазақ тілі. Оқулық (авторлар бірлестігі, 2005, 2012), ТҮРКІ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Оқу құралы (2013), Когнитивтік лингвистика: Таным. Уәждеме. Монография (2014), Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқу құралы (2014), Метафоралы аталым: когнитивті-семантикалық сөзжасам. Моногрфия (2015), т.б. 10 монография, 330 аса еңбектің және Ғылыми Жобалар, Типтік оқу бағдарламаларының мен стандарттардың авторы.
Халықаралық, республикалық, жоғары оқу орындары көлемінде баяндамалар жасап, ғылыми мақалалар алыс (Түркия, Қытай, Корея, Грекия, Франция, Испания, Чехия, Польша, Болгария, Англия), жақын шетелдерде (Ресей: Мәскеу, Новосибирск), Татарстан (Қазан), Башқортстан (Уфа), Саха (Якутия), Қырғызстан т.б.жарық көрді. Қалалық және Республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының тұрақты лекторы.
Магистранттар және PhD ғылыми жетекшілік жасайды, ҚР-ның ғылым саласында филология мамандықтарынан докторлар мен кандидаттар дайындады. 2 рет 2007, 2014 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбе¬гі үшін» төсбелгісімен (2008), «Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін» Ы.Алтынсарин атындағы медаль (2010) марапатталды.


← Вернуться назад

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler