қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
21.05.2020

«Адалдық жолымен» онлайн-семинары

 


 

Кеше, 20 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті, «Парасат» орталығы және Жастар ісі жөніндегі комитеттің бірлесіп ұйымдастыруымен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелеріне арналған «Адалдық жолымен» онлайн-семинары өтті.

 

Семинар жұмысын университет ректоры Такир Балықбаев ашып, білім ордасында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. Ректор өз сөзінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жұмыстарын күшейту мақсатында университетте Жемқорлыққа қарсы күрес кеңесі құрылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының Тұжырымдамасы қабылданды, Кеңестің Ережесі, Жол картасы, Стандарты бекітілді. Қазіргі күні Кеңес жанында үш комиссия жұмыс жасауда. 2019 жылдың 7 қазаны күні «Парасат» орталығы ашылды. ISO 37001-2016 халықаралық стандартының сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Ашық университет платформасын құру мақсатында «Ректор блогы» үздіксіз жұмыс жасайды. Қашықтықтан оқыту үдерісі барысында көктемгі емтихан-сессияның тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету үшін онлайн-тест, «OES» прокторинг жүйесі, G-Suit бұлттық сервисі мен «Hangouts Meet» бейнеконференция платформасы қолданысқа енгізілді», - деп атап көрсетіп, жастар арасында адал және парасатты ортаны қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті.

 

Семинардың басты спикері, Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев «Профилактика коррупции: проблемы и пути решения» тақырыбындағы баяндамасын қатысушылар назарына ұсынып, білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері мен жолдарын айқындап берді. Спикер білім беру саласындағы жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбейтін ортаны қалыптастыру бойынша бірқатар тәсілдерді ұсынды. Білім ордамызда жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан мазмұнды шараларға ерекше тоқталып, университет тәжірибесін еліміздің ЖОО енгізу қажеттігін айтты.

 

Шара қатысушылары: университеттің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев, «Парасат» орталығының директоры Қамбар Усипов сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық негіздерін сипаттап, білім беру саласында жемқорлық тәуекелдерін төмендету, жастардың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өз ойларын ортаға салды.

 

Сөз кезегін алған Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, «Ізгілік елшісі» еріктілер жобасының басты үйлестірушісі Айнур Сабитова университет қабырғасынан бастау алып, қазіргі күні еліміздің 17 өңірінде қанат жайған «Ізгілік елшісі» жобасының парасатты қоғамды қалыптастыру жолындағы ауқымды жұмыстарын тілге тиек етті.

 

Шара қонағы Алматы қаласы Студенттер Альянсының төрағасы Жасұлан Қуандық жемқорлық пен құқықбұзушылыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру бағытында қала жастарымен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

 

«Мансап» орталығының басшысы Рақымберді Жетібай бітіруші түлектерді жұмысқа орналастырудың оңтайлы тәсілдерін ұсынып, көмекші құрал ретінде «Mansap» мобильдік қосымшасымен таныстырып өтті.

 

Университет жастары атынан пікір білдірген филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенті Тахаева Айсана жемқорлықпен күрес жұмысына өз үлесін қосатындығына сенім білдіріп, барша жастарды академиялық адалдық принциптерін ұстануға шақырды.

 

Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, шара модераторы Ділдабек Дидарбек жастардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға барынша қарсы тұрып, адал және таза қоғамды қалыптастыруға өзіндік үлестерін қосу қажеттігін айтып, семинар жұмысын қорытындылады.

 

Авторвы: Қазына Бекбенбетова,

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары

21.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



91

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler