қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
12.12.2019

«Рухани жаңғыру-жазушы-білімді цифрландыру» бағдарламасы аясында жазушымен кездесу-сұхбат

 

2019 жылдың 11 желтоқсаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтында белгілі жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжанов пен информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары және студенттерімен «Рухани жаңғыру-жазушы-білімді цифрландыру» тақырыбы аясында кездесу - сұхбаты өтті.

 

Қазіргі заманға түбегейлі өзгерістерге байланысты «Мәңгілік ел» идеясының негізінде Рухани жаңғырудың қалай болуы керек екендігі, қоғамды, оның ішінде, білім беруді цифрландыру жағдайында осы Рухани жаңғырудың қандай қырлары ескеріліп, қандай қырлары басым болуы туралы өзара ой бөлісілді.

 

Кездесу барысында жазушы Елен Әлімжанов «Рухани жаңғыру» ұғымы бойынша өзінің өмірлік сабақтарымен бөлісе отырып, әр кімге-ақ сабақ боларлық керемет ойларын ортаға салды.

 

Өзінің жаңа туындысы «Анажар» романын кафедра меңгерушісі Есен Ықласұлына сыйға тартты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Математика, физика және информатика институты



144

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler