қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
12.12.2019

Жеке өсу мотивациясы мен махаббат туралы өлеңдер кітаптарының тұсаукесері

 

2019 жылдың 11 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география институты география, экология және туризм кафедрасының доценты, жазушы, ақын, ҚР журналисттер одағының мүшесі Сарқытқан Кастердің кітаптарының тұсаукесері өтті.

 

Атап айтқанда, дәстүрлі өмірлік құндылықтар негізінде, қазіргі заманның табысты азаматтары болуға үйрететін «Ешқашан «жоқ» деме, табыс құпиясы өз әлеміңнің ішінде» кітабы мен жастарды имандылыққа, елін, жерін, ата-анасын сүюге, отбасын ардақтауға дәріптейтін «Махаббатым - мәңгілік нұрдың сәулесі» ән мен жыр кітабы таныстырылды.

 

Бұл шараның құрметті қонақтары ҚР жазушылар одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, ҚР жазушылар одағының мүшелері, жазушы Болат Құрманғазыұлы, ҚР мәдениет қайраткері, ақын Серік Қалиев, Сандуғаш ханым психолог, жазушы, кәсіпкер Әсет Мұқашбеков, ҚР жазушылар одағының мүшесі, ақын Лаззат Игісін, кәсіпкер Айшолпан Ахметқызы.

 

Сондай-ақ, іс-шара барысында университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова, қонақтар мен студенттер құттықтау сөздерін айтты.

 

   

 

   

 

   

 

«География экология және туризм» кафедрасы



160

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler