қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
 
Болон процесі

  Болон процесі аясындағы сту­денттердің академиялық ұтқырлы­ғына үлкен мән беріледі. Болон декларациясы студенттердің басқа оқу орындарына ауысуына және сәйкесті қызметтер алуына ерекше көңіл бөле отырып, бұл ауысудың еркіндігін тиімді жүзеге асыруда кедергілерді ескеру арқылы ұтқыр­лығына жағдай жасау мақсатын жариялайды. Болон процесінің мін­деттері: жұмысқа тұру мүмкін­дігімен азаматтардың ұтқырлығын дамыту бағытының негізгі кілті ретінде жоғары білімнің еуропалық аймағын құру; Еуропаның интел­лек­туальды, мәдениетті, әлеуметтік және ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыру мен нығайту; дүние жүзінде жоғары мектептің беделін көтеру; басқа білім жүйелерімен еу­ропалық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; жоғары білімнің ұлттық жүйелерінің үлкен үйлесімділігі мен салыстырмалылығына қол жеткізу; білім сапасын арттыру; мәдени құндылықтарды дамытуда өздерін жаңа гуманистік сана түсінікті қолдаушы, таратушы ретінде санай­тын университеттердің орталық рөлін көтеру.

   Болон Декларациясына қосыл­ған мемлекеттер өздеріне белгілі бір нақты міндеттер алады, атап айт­қанда, Болон процесінің негізгі талаптарына сай ұлттық білім жүйелерін реформалау міндеті.

Болон процесінің міндетті параметрлері жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесі, - ЕСТS акаде­мия­лық кредиттерінің жүйесі,  жоо студенттерінің, оқытушылары­ның және әкімшілік қызметкер­ле­рінің академиялық ұтқырлықтары, дип­ломға еуропалық қосымша, жоғары білімнің сапасына бақылау, бірың­ғай еуропалық зерттеу кеңістігін құру болып табылады.

  Болон процесінің факультативті параметрлері: дайындау бағыты бой­ынша білім мазмұнын үйлес­ті­ру; таңдау курстары, студенттерді оқы­тудың сызықтық емес траек­то­риясы, модульдік жүйе, қашықтан оқыту, электронды курстар; оқыту­шылар мен студенттердің акаде­миялық рейтингілері.

Болон жүйесін Қазақстанда енгізудің мақсаттары деп төмендегі жайлар айтылады: білім, оқу са­па­сын қамтамасыз ету; Қазақ­станның жоғары білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және оның еуропалық жоғары білім ке­ңістігіне интеграциялау; студент­­тер­дің академиялық ұтқырланула­рына алғышарт жасау; халықаралық үлгілерге сәйкес келетін жоғары оқу орындары дипломдарының мойындалуы мен баламалылығы; ұлттық және халықаралық деңгей­дегі еңбек рыногында отандық университеттер дипломдарының мойындалуын қамтамасыз ету; құзыреттілікті қалыптастыру; өздігінен білім алу деңгейін өсіру мен үзіліссіз оқуды қамтамасыз ету.

Сонымен, академиялық ұтқыр­лық Болон процесінің негізгі бір құраушысы болып табылады. Ака­демиялық ұтқырлықтың маңызды ерекшелігі - студенттерге оқу үр­дісі аяқталғаннан кейін басқа жоо-да, базалық жоо-да оқыған пәндері есептеледі немесе олар бір мезгілде білімі туралы екі құжат алуына мүмкіндік беріледі.

Болон процесінде академиялық ұтқырлықтың екі түрі ажыраты­лады: тігінен және көлденеңінен. Тік ұтқырлықты студенттің шетел­дік жоо-да толық білім алуы, көл­денеңді сонда тек белгілі бір шек­телген уақытта оқуы (семестр, жыл, бөлінген сағат) деп түсіну керек.

   Теориялық тұрғыда студент оқығысы келетін жоо-ны өзі таңдай алады. Тәжірибеде студенттің ұт­қыр­лығы олардың дербестігімен жү­зеге аспайды, өйткені барлық жоо-лар оқуға қабылдауды ұлттық заңнамаға сәйкес жүргізеді. Сірә, алғашқы кезде ұтқырлықты жоо дең­гейінде қамтамасыз қажет бо­лар. Себебі жоо екі университетте де оқылатын пәндердің өзара мой­ындалуы мен баламалылығы және алынған академиялық нәтижелер туралы келісім-шарт жасауға, бі­ріккен оқу бағдарламаларын жа­сау­ға құқылы. Студенттердің шетел­дерде оқуына және шетелдік жоо-ның білім туралы диплом алуына заңды негізі болып жоо-лар ара­сын­дағы келісім-шарт саналады. Со­нымен академиялық ұтқырлық­тың маңызды шарты жоо-лар­дың халықаралық ынтымақтастығы болып табылады. Оқу бағдарлама­ла­­рының, пәндердің өзара саналуы тәртібінің келісімі білім траекто­рияларын сақтауға, мамандықтар шеңберінде мамандандыруды қа­лыптастыру, рынок пен жұмыс берушілердің талаптарын ескеруге шақырады.

Сонымен қоса, студенттердің академиялық белсенділіктерінің осы уақытқа дейін кең ауқымды дамымағанын атап өткен жөн. Бұған төмендегідей факторлардың әсерін атап кетүге болады.

Біріншіден, академиялық бел­сен­діліктің қазіргі таңда көбіне сту­денттердің басым бөлігі негізінен Қазақстаннан шетелдерге шығу ар­қылы жүзеге асуда. Ал, керісінше, шетелдерден Қазақстанға келіп жат­қан студенттердің саны әзірге аз.

   Екіншіден, бакалавриатқа қара­ғанда магистратураға қызығушы­лықтың көп екендігін атап өткен жөн.

Үшіншіден, қазақстандық сту­денттердің шетелдердің тілдерін мең­геруінің әлі де нашар болуы бір­ден-бір үлкен кедергі болып та­бы­лады. Алайда студенттердің қа­зақ-орыс тілдерін жетік меңгеруі Ресей оқу орындарымен тығыз ын­ты­мақ­тас­тықта болуға зор септігін тигізуде.

Төртіншіден, студенттердің ака­демиялық белсенділіктері халық­ара­лық деңгейде тегін жүзеге ас­пайтындығы да анық. Шетелде бі­лім алып жатқан студентке өзінің та­мақтануына, жол шығынына, тұр­ғылықты орнына көлемді қара­жат қажет екені анық. Бұл өз кезе­гінде қаржылық мәселенің ту­ын­дауына әкеліп соқтырады.

   Демек, академиялық белсен­ді­лік тұжырымдамасын нақты анық­тау қажет. Соның ішінде, норма­тивтік құқықтық база құрастырып, Болондық жүйенің қатысушы елде­рімен және Қазақстанның білім беру саласында қарым-қатынас жасайтын елдерімен келісе отырып, талқылау керек. Осыған орай уни­верситетте ұтқырлық үрдісін жүзеге асыратын ұйымдастырушыларды дайындау және олардың қызметін республика деңгейінде қарастыру, қабылдау шарттарымен, академия­лық күнтізбе құрумен айналысатын топтарды құру, шетелдердің жоғары оқу орындарынан алынған білік­тілікті мойындау және шетелдік жоо дипломдарын нострифика­циялау жүйесін әрі қарай жетілдіру; студенттердің тілдік дайындық­та­рын түбегейлі жақсарту; жазғы уни­верситеттер ашу, қашықтан оқыту жүйесін дамыту, қазақстандық жо­ғары оқу орындарының базасында шетел жоғары оқу орындарының дипломын алу мүмкіндігін кеңейту, шетел жоғары оқу орындарының оқытушыларын шақырту арқылы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруды түрлендіру қажет.

   Академиялық ұтқырлықтың жүзеге асу қағидасының түр-сипаты әртүрлі болуы мүмкін, бұл өз кезе­гінде аталған үрдіске кедергі тудырмайды, керісінше оның оң жақтары да бар. Қазіргі таңда әр елдің білім беру жүйесінде маңыз­ды өзгешеліктердің болуына бай­ланысты студенттердің академия­лық белсенділігін жүзеге асыру көбіне жоғары оқу орындары ар­қылы жүргізуге болады. Негізгі мәселе, жоғарыда аталып өткендей, мобильді бағдарламалар базасының жоқтығы, әр елдерде білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасының алуандылығы және қар­жылық мүмкіншіліктің шектеулілігі болып табылады. Алайда, бұл үрдіс кеңейтіліп, әрі қарай дамуы қажет, өйткені отандық білім беру жүйесі бүгінгі таңда халықаралық талап­тар­ға сай сапалы жетілуге бағыт­тал­ған. Ең бастысы, бұл көлемді үрдіс, бірінші кезекте, білім алушылар мен жұмыс берушілердің мүделе­ріне бағытталған.

 

 
 
 
Біз туралы
  • Ректорат
  • Ғылыми кеңес
  • Университет тарихы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары
  • Ректор аппараты
  • Ғылыми институттар және орталықтар
  • Институттар
  • Ректор
  • Басқармалар
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
  • Құрылымдық бөлімдер
  • Ұйымдастырушылық құрылым

  • Білім
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Академиялық ұтқырлық
  • РОӘК ОӘБ
  • Тіркеу басқармасы
  • Академиялық саясат
  • Бақылау және бағалау
  • Нормативті - құқықтық құжаттар
  • Ережелер мен реттеу құжаттары
  • PhD докторантура
  • Студенттің анықтамалық қолкітапшасы
  • Студенттер өтініштерінің үлгілері
  • Білім беру туралы құжаттар

  • Ынтымақтастық
  • Шетелдегі ЖОО-мен келісімдер
  • Басшылық
  • Шетелдік оқытушылар мен студенттерге
  • ЮНЕСКО педагогика кафедрасы
  • Пайдалы сілтемелер
  • Біз туралы
  • Хабарландырулар
  • Халықаралық бағдарламалар
  • Халықаралық ұйымдар

  • Институттар
  • Тарих және құқық институты
  • Математика, физика және информатика институты
  • Филология және көптілді білім беру инcтитуты
  • Педагогика және психология институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жалпы университеттік кафедралар
  • Дайындық факультеті
  • Сорбонна - Казахстан Институты

  • Ғылым
  • Диссертациялық кеңес
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары СҒЗЖ
  • Ғылыми шаралар
  • ПОҚ жарияланымы. Қорғалатын құжаттар
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Ғылыми-инновациялық паркі
  • Ғылыми жобалар
  • «Хабаршы» ғылыми журналы
  • "Ұлттық тәрбие" Республикалық ғылыми көпшілік журналы
  • Ғылыми-әдістемелік журнал "Педагогика және Психология"
  • Ғылыми сапарлар мен тағылымдар
  • ҒӘК Мектеп-колледж-ЖОО

  • Ғылыми кітапхана

    Студенттік өмір
  • Студентер кәсіподағы
  • Жастар ісі жөніндегі комитет
  • «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы
  • Студентердің ағымдық және аралық бақылауын есепке алу журналы
  • Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
  • Мәдениет орталығы
  • Денсаулық сақтау пункті
  • Оқу ғимараттары
  • Жатақханалар

  • Түлек
  • Түлектерге арналған ақпарат
  • Жұмыс берушілерге арналған ақпарат
  • Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмысқа орналасқандығын қуаттау
  • Тәжірибе және жұмысқа орналасу бөлімі
  • Бітірушілер қауымдастығы
  • Бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша тәжірибе базалары
  • Ұлттық біліктілік шеңберлері

  • Талапкерлерге
  • Ұлттық тестілеу орталығы
  • Нострификация бойынша құжаттардың тізімі
  • Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығы
  • Талапкерлерге
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура PhD
  • Екінші жоғарғы білімге арналған қабылдау ережесі
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережелері
  • Институттар мен факультет бойынша Ашық есіктер күндерінің кестесі
  • Апелляцияға өтініш беру
  • Байланыстар
  • Сорбонна Қазақстан Институтына түсушілерге

  • Даму
  • Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингілері
  • Болон процесі
  • ТЕМПУС жобасы
  • Академиялық сараптау
  • Академиялық ұтқырлық

  • Абай Университеті