қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
29.11.2019

«Абай айтады ...» әдеби-сазды кешi


2019 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Абай айтады ...» әдеби-сазды кеш өтті. Жоғары сынып оқушылары мен олардың тәлімгерлері дайындаған шара қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған.

 

Кеш қонағы - университетіміздің «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, абайтанушы Жабал Шойынбет Абайдың поэтикалық және философиялық мұрасы, оның қазіргі қазақ әдебиетінің дамуындағы рөлі туралы жан-жақты айтты. Ұстаздар мен оқушылардың сұрағына жауап беріп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне негіз болды.

 

   

 

   

 

 



124

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler