қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
 

Болон үрдісі

Қазақстан Республикасы орталық – Азиядағы Болон үрдісiне бірінші мүше болған мемлекет және жоғары бiлiмнiң Еуропалық кеңiстiгiнiң толық құқықты қатысушысы болып табылады. 2010 жылдың 11 наурыз күнi Қазақстан Республикасы үшін тұңғыш рет әлемнің 47 елдерімен қатар жоғары бiлiмнің Болондық үрдісіне қатысушы елдердің министрлері комитетінің шешімімен Болон декларациясына қол қойылған күн болып тарихта ерекше орын алды.

Қазақстан Республикасының Болон процесiне қатысудағы мақсаты - еуропалық бiлiмге бару жолын кеңейту, оның сапасының одан әрi жоғарылату, білім берудің несиелік жүйесін қолдану, студенттер мен оқытушылық құрамның мобильділігін жоғарылату және де Қазақстандық ЖОО-ның бітіруші түлектерiне еуропа аралық білім стандартына сай диплом беру болып табылады.

Болон процесiне Қазақстанның кірігуі қазақстандық бiлiм беретiн бағдарламалардың оқу жоспарын және студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін, сонымен қатар отандық дипломның еуропа деңгейінде мойындалуы және бітіруші түлектердің әлемнің кез – келген елдерінде жұмыс жасауына жол ашты.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетi халықаралық аренада танылатын ЖОО болды. Қазақстанның педагогикалық университеттерi арасында бiрiншi болып  Абай атындағы КазҰПУ 2007 жылы Болон университетiнде (Италия) университеттердің Ұлы хартиясына қол қойды. Мемлекет деңгейдегi болон процесi 1999 жылы негiзделдi. Осыдан бастап университеттердiң Ұлы хартиясына  әлемнiң 600-ге жуық  ЖОО-ы  кiрдi. Бұл кеңiстiк шекараларындағы бiлiм, азаматтардың мобильділігі,  жұмысқа орналастыру және бiлiм саласындағы қызмет еуропалық еңбек нарығында  бәсекеге қабiлеттiлiгiн  едәуiр жоғарылату, дипломдардың мойындалуына бiртұтас жағдайлар жасауы керек.

 

I.                   Кiрiспе

2010 жылдың 11-12 наурызында  Қазақстан Балон үрдісі білім министрлігінің II форумында  (Будапешт қаласында, Венгрия және Вена қаласы, Австрия) 47 ел арасында Болон үрдісіне тұңғыш рет қол қойды. Қазақстан Республикасы Болон декларациясына қосылуға лайық және еуропалық бiлiм беретiн кеңiстiктiң толық құқықты қатысушы болған орталық – Азиядағы бiрiншi мемлекет болып табылады. Болон үрдісіне Қазақстанның қосылуы отандық ЖОО мен студенттер үшiн нақтылы мүмкiндiктердi бередi:

1 ) отандық бiлiм беретiн бағдарламалардың оқу жоспарын  еуропалық стандартқа сәйкес келтiру:

2 ) отандық бiлiктiлiктер және академиялық дәрежелердi мойындау;

3 ) студенттер мен  оқытушылардың академиялық мобильділігін  қамтамасыз ету;

4 ) шетел университеттерiндегi қазақстандық ЖОО студенттерiнiң несиелерiн қайта сынақтан өткізу  және керiсiнше;

5 ) бiрлескен бiлiм беретiн бағдарламаларды құру;

6 ) отандық дипломның еуропа деңгейінде мойындалуы және бітіруші түлектердің әлемнің кез – келген елдерінде жұмыс жасауына жол ашты.

Балон декларациясы приннцптерінің негізгі мақсаты студенттер мен  оқытушылардың академиялық мобильділігін  қамтамасыз ету болып табылады.

      Бізге 2020 жылға дейiн алдағы он жылдықта еңбк нарығындағы қажеттілікті қамтамасыз ететін  жоғары білімнің сапасын жоғары деңгейге жеткізу, елдiң индустриалды - инновациялық дамуын шешу және білім сапасы әлемдік тәжрібиеге сай келетін тұлғаны дайындау. Егер өз азаматтарының қабiлеттiлiгі мен  мүмкiндiгін  барынша қолданса, олар өмiр бойы ізденісте болса, Қазақстан бұл жағдайда  үлгере алады. Нәтижеге бағытталған үйрену мен мобильділіктің құбылмалы еңбек нарығына бейімделуі қажет болатын компетенцияны дамытуды үйренушіге көмектеседі және оларға жауапкершілігі мол азамат болуға мүмкіндік береді.

II.        Ағымдағы ахуалға  талдау жасау.

Академиялық мобильділікті дамытуға арналған шарттар.

Қазақстан Республикасы жоғары бiлiм беру ісі  Болон декларациясы принцптеріне негізделген. Жоғары оқу орындарының барлығында оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген. Республиканың Жоғары оқу орындары шетел университеттерiмен бiрлескен бiлiм беретiн бағдарламаларды белсендi жүзеге асыруда. Мамандарды әзiрлеудiң үш деңгейлi толық үлгiсi ұсынылған: бакалавр - магистр - Ph.D доктор.

Бакалавриаттың бiлiм беретiн бағдарламалары үш циклдан тұрады, олардың әрқайсысының міндеттелген компоненті (мемлекеттік) -МК  және таңдау бойынша компоненттері  (жоғары оқу орынды немесе элективті компонент) -ЭК бар.  Мемлекеттік компонент  пен Элективті компонент аралығындағы орташа арақатынас 60(50):40(50) құрайды. Бұл жоғары оқу орындарына бiрлескен бiлiм беретiн бағдарламаларды құруға, студенттерге индивидуалды бiлiм беретiн шекараны  қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. ЭК  шеңберінде студенттер пәндерді толық игереді  және басқа да қазақстандық және шетел ЖОО-ның кредиттік жүйелерін  меңгере алады.

 

2011-2012 жылы Қазақстан Республикасы білім беру ісін дамытудың мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес ЖОО академиялық еркіндік шеңбері кеңейтілетін болады. Осы тенденция нәтижесінде МК пен ЭК аралығындағы орташа арақатынас 30:70 дейін жеткізілетін болады. Бүгінгі таңда бакалавриатта оқитын  контингенттiң саны 620442 адамды құрайды, олардың 140533 мемлекеттік тапсырыс негізінде. Магистратура бiлiм беру бағдарламалары екi бағытта жүзеге асуда: ғылыми және педагогикалық, профилдi. Магистратураның бiлiм беретiн бағдарламасының құрылымы оқу және ғылыми жұмыстың әр түрiнен құрылады және, бiлiмнiң мазмұн анықтайтын тәжiрибелерден қалыптасады.

Магистерлiк бағдарламалардың бiлiм  компонент пәндері екі циклден тұрады: базалық және профильді, бұлардың әрқайсысы МК мен ЭК құралады. Магистерлiк бағдарламаларының академиялық кеңістігі кең ауқымды қамтыған. Әрі қарай МК ғылыми және педагогикалық бағыттың  32% құрайды, профилдi бағыт бойынша 29-31%. Осыдан бастап магистерлiк бағдарламаның білім беретін блогының 74% ғылыми бағытта, профильдік бағытта 78-80% педагогикалық бағытты құрайды: профилдi дайындауда білім беру компоненттерінің  кредиттері 24 кредит санынан кем болмауы тиіс, олардың 19 кредит саны білім беру компоненттері (1жыл оқу мерзімімен) және 36 кредит санынан кем болмауы керек (оқу мерзімі 1,5жыл);

Ғылыми және педагогикалық дайындауда 46 кредит санынан кем болмауы керек, олардың 34 кредит саны білім компоненттері болу керек.

Қазіргі таңда магистратурада оқитын контингенттердің саны 10000-нан  асады, олардың 5,9 мыңы мемлекеттік тапсырыс негізінде. 2010-2011 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша бір магистрантқа орташа оқу құны 396 мың теңгені құрады. 118 жоғары оқу орындарының магистрлік кадр даярлауға лицензиясы бар, олардың 9 ұлттық, 31 мемлекеттік, 9 акционерлік 5 азаматтық емес, 64 жекеменшік.

56 ЖОО және 2 ғылыми зерттеу институтттарында мемлекеттік тапсырыс негізінде магистрлік кадр дайындау жүктелген.

Қорыта айтқанда Қазақстанда маңдай алды білім беретін 148 ЖОО және 162 ғылыми-зерттеу институттары бар. ЖОО-ң профессор-оқытушылар құрамы 39 600 адамды құрайды, оның 18037-нің ғылыми атағы бар немесе 45,5 % Ғылым докторларының орташа жасы – 56,8, ғылым кандидаттарының орташа жасы 48,5. Ғылыми- педагогикалық кадрлардың қартаюы басты назарда. Ғылыми потенциалын ұлғайту үшін ЖОО-нан 10729 магистрге ұсыныс түскен, ғылыми-зерттеу институттарынан – 1066  адам өтініш білдірген.

Ұсынылған қажеттіліктерді ескере отырып, 2011 жылдан бастап магистратураға мелекеттік тапсырыс көлемі 5000-ға дейін  ғылыми және педагогикалық орын бөлінді.

Докторантуралық білім беру бағдарламалары екі бағытта: ғылыми және педагогикалық және профильді болып, философия ғылымдарының (PhD) докторы атағы қоса беріледі. Докторантурада оқу мерзімі 3 жыл. Докторантуралық білім беру бағдарламасы ғылыми мамандандырылған бағыт бойынша пәндерді тереңінен зерттеуге  жол ашатын,  әдістемелік және  іргелі білім беретін бағдарлама болып табылады. Бiлiм беретiн докторлық бағдарламаның құрылымы маңызы бiрдей екі компоненттерден тұрады: бiлiм беретiн және ғылыми. Бiлiм беретiн компоненті теориялық білім беруден тұрады, базалық және профильді пәндердің жалпы көлемі 30 кредит санынан аспауы керек.

Базалық пәндер циклі бойынша МК оның жалпы көлемінің 40% құрайды, ал профильді пәндер циклі ЭК-те көрсетілген. Білім беру бағдарламасының ғылыми компонентасы докторанттың эксперименталды-теориялық ғылыми зерттеу жұмысында, ғылыми жаңалықтары мен докторлық диссертация жазу кезінде қалыптасады. Міндетті түрде университеттердің шет елде ғылыми серіктестігі болуы шарт.

2005 жылдан бастап Республикадағы ЖОО эксперимент режимінде PhD докторанттарын дайындайтын бағдарламалар енгізіле бастады. Алғашқыда екі жоғары оқу орындары: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті ие болды.  Экспериментке қосылатын ЖОО саны жылдан жылға көбеюде. Қазіргі таңда 29 жоғары оқу орындары, оның 16-ы мемлекеттік білім беретін тапсырыс негізінде дайындайды.   2008-2010 жылдыр аралығында PhD докторантурасының алғашқы түлектерінің саны не бәрі 184 адамды құрады, оның 112-і  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен, 72-і Гумилев атындағы ЕҰУ. Қазіргі кезде докторантурада білім алатын контингенттің саны 540 адамнан асты, олардың 497-і мемлекеттік тапсырыс негізінде. 2010-2011 оқу жылында бір докторанттың  мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу ақысының  құны 1270мың теңгені құрады.

PhD докторанттарын дайындаудың алғашқы тәжірбиелері өзінің оң жақтарын көрсете алды.

Оң жақтар:

·         Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

·         Әлемдiк деңгейге Қазақстандық бiлiм беретiн бағдарламалардың сапасын әлемдік деңгейге  жеткізу.

·    Ірi ұлттық және шет ел серiктестiктерінің сарапшыларын Шетел профессурасы докторантурасының бiлiм беретiн бағдарламаларының    жүзеге ассуын қамтамасыз ету.

·       Бiлiмнiң инновациялық шетел әдiстемелерiн және қазақстандық ЖОО-нан кейiнгi стандарттарға олардың бейiмділігін қолдану.

Ғылыми - педагогикалық кадрлар әзiрлеуде, магистратура және докторантураның жүйесiнде мынадай мәселелер бар:

·         Бiлiм беру үрдісінің  әлсiз ұйымдары, көбiнесе барлық оқу материалдарын  дербес зерттеуге бередi.

·         Көбінесе магистранттар мен  докторанттар шет ел тілдерін қажеттi деңгейде біле бермейді, ғылыми жолдарға олардың бару жолын қиындатып және халықаралық деңгейдегi олардың мобильділігін төмендетіп жатады.

·       Нақты ғылыми нәтиже нашар бағытталғандықтан, қорғайтын магистерлiк және докторлық диссертациялардың сапасы төмен болады.

Талдау нәтижесі бойынша  ЖОО PhD докторларын  дайындау талабы сақтамайтынын көрсеттi. Докторлық диссертацияларды қорғау талаптары азайтылған. Ғылыми - педагогикалық кадрлардың арасындағы сәйкестiктiң институционалдық қамтудың жоқтығы: PhD ғылымдардың маман, ғылым кандидаты және ғылым докторларымен магистр және доктор бiлiктiлiк талаптарындағы қателіктің  туындауы.

Ғылыми ұйымдар бір жағына шыға отырып, олардың үлкен (кадрлық, қор, лабораториялық, зерттеушi) ғылыми потенциалына  ғылыми кадрлар түрін әзiрлену қатыстырылмағанын осы пiшiн көрсеттi.

Тиiстi деңгейде ЖОО-ның бiлiм беретiн белсендiлiгiнде орын алған Болон декларациясының негiзгi постулаттары дұрыс жеткізілмей отыр:

 

·         Білім алушылардың академиялық мобилділігінің тасада қалуы.

  •  Білім алушылардың бағдарламаны, пәндер мен профессор-оқытушылық құрамды таңдау мүмкіндігіне шектеу қойылуы.
  • Жоспарлы және оқу процессiн ұйымдастырудың дәстүрлi әдiстерін қолданудың жалғасын табуы.
  •    Бiлiм беретiн бағдарламалардың салыстырушылығының жоқтығы.

Әлемдiк тәжiрибеде көрсететiн бiлiмнiң сапасын жоғарылату аспаптарының бiрі - академиялық мобилділік болып табылады. «Студенттердің мобилділігін, жоғары бiлiмнiң еуропалық кеңiстiгiн құру негiзде академиялық және әкiмшiлiк қызыметшiсiнiң мобилділігін» Берлин коммюникесi (2003 жыл) деп атайды. Одан басқа, Лювенском коммюникеде (2009 жыл) мобилділік жоғары бiлiмнiң Еуропалық кеңiстiгiнде  басты ерекшелiкпен бейнеленедi. «Студенттердің мобилділігі, ғылыми ізденушілер  мен жоғарғы мектептiң қызметкерлерi ғылыми зерттеулер мен бағдарламалардың сапасын көтеруде. Ол еуропалық жоғары бiлiмнiң академиялық және мәдени интернационализациясын күшейтедi. Мобилділік  тұлғаның дамуы үшiн маңызды мәнге ие болады және алуан түрлi жұмысқа орналасу, жан-жақты сыпайылықты қалыптастырады. Ол тiл плюрализмына, жоғары бiлiмнiң Еуропалық кеңiстiгiнiң көп тiлдi дәстүрi үшiн жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастық және бәсекелестiктi дәлелдейді.»

           

 

 

 

 
 
 
Біз туралы
  • Ректорат
  • Ғылыми кеңес
  • Университет тарихы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары
  • Ректор аппараты
  • Ғылыми институттар және орталықтар
  • Институттар
  • Ректор
  • Басқармалар
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
  • Құрылымдық бөлімдер
  • Ұйымдастырушылық құрылым

  • Білім
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Академиялық ұтқырлық
  • РОӘК ОӘБ
  • Тіркеу басқармасы
  • Академиялық саясат
  • Бақылау және бағалау
  • Нормативті - құқықтық құжаттар
  • Талапкерлерге
  • Ережелер мен реттеу құжаттары
  • PhD докторантура
  • Студенттің анықтамалық қолкітапшасы
  • Студенттер өтініштерінің үлгілері
  • Білім беру туралы құжаттар

  • Ынтымақтастық
  • Шетелдегі ЖОО-мен келісімдер
  • Басшылық
  • Шетелдік оқытушылар мен студенттерге
  • ЮНЕСКО педагогика кафедрасы
  • Пайдалы сілтемелер
  • Біз туралы
  • Хабарландырулар
  • Халықаралық бағдарламалар
  • Халықаралық ұйымдар

  • Институттар
  • Тарих және құқық институты
  • Математика, физика және информатика институты
  • Филология және көптілді білім беру инcтитуты
  • Педагогика және психология институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жалпы университеттік кафедралар
  • Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)
  • Сорбонна - Казахстан Институты

  • Ғылым
  • Диссертациялық кеңес
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары СҒЗЖ
  • Ғылыми шаралар
  • ПОҚ жарияланымы. Қорғалатын құжаттар
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Ғылыми-инновациялық паркі
  • Ғылыми жобалар
  • «Хабаршы» ғылыми журналы
  • "Ұлттық тәрбие" Республикалық ғылыми көпшілік журналы
  • Ғылыми-әдістемелік журнал "Педагогика және Психология"
  • Ғылыми сапарлар мен тағылымдар
  • ҒӘК Мектеп-колледж-ЖОО

  • Ғылыми кітапхана

    Студенттік өмір
  • Студентер кәсіподағы
  • Жастар ісі жөніндегі комитет
  • «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы
  • Студентердің ағымдық және аралық бақылауын есепке алу журналы
  • Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
  • Мәдениет орталығы
  • Денсаулық сақтау пункті
  • Оқу ғимараттары
  • Жатақханалар

  • Түлек
  • Түлектерге арналған ақпарат
  • Жұмыс берушілерге арналған ақпарат
  • Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмысқа орналасқандығын қуаттау
  • Карьера орталығы
  • Бітірушілер қауымдастығы
  • Бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша тәжірибе базалары
  • Ұлттық біліктілік шеңбері

  • Талапкерлерге
  • Ұлттық тестілеу орталығы №1 филиалы
  • Нострификация бойынша құжаттардың тізімі
  • Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығы
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура PhD
  • Екінші жоғарғы білімге арналған қабылдау ережесі
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережелері
  • Институттар мен факультет бойынша Ашық есіктер күндерінің кестесі
  • Апелляцияға өтініш беру
  • Байланыстар
  • Сорбонна Қазақстан Институтына түсушілерге

  • Даму
  • Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингілері
  • Болон процесі
  • ТЕМПУС жобасы
  • Академиялық сараптау
  • Академиялық ұтқырлық

  • Абай Университеті