қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
12.11.2019

CLIL контекстіндегі биология

 

2019 жылы 8 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ жас зерттеушілерінің ғылыми жобасының қатысушылары, оқытушылар Алина Айдарханова, Сауле Есенаман, Мөлдір Рахимова «Когнитивтік-лингвистикалық тұрғыдан CLIL контекстінде пән мен тілдің интеграциялық ерекшеліктерін зерттеу» («Биология» мамандығы бойынша)» тақырыбында Workshop ұйымдастырды.

 

Workshop Филология және көптілді білім беру институтының шет тілдері кафедрасында өтті. «Биология» мамандығының бірінші курс студенттері «Витаминдер» тақырыбында CLIL әдісін қолдана отырып, интерактивті түрде таныстыру жүргізілді. Шетел тілдер кафедрасының филология ғылымының кандидаттары, оқытушылар Зада Кемелбекова және Бакытгуль Букабаева шақырылған, әртүрлі пәндерді шет тілінде оқытудағы шетелдік тәжірибемен бөлісті. Сонымен қатар, докторант Ерол Уранбек биохакингтің жаңа бағыттарымен бөлісті.

 

Workshop қатысушылар CLIL-ді сабақта қолданудың жаңа тәсілдерімен танысты және оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

Шетел тілдері кафедрасы



246

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler